---
title: "«Парасаттылық мектебі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-тренингі өтті"
description: "6 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас ж..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-11-07T11:19:58+00:00"
modified: "2019-11-07T11:19:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasattyly-mektebi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-treningi-tti-843969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasattyly-mektebi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-treningi-tti-843969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасаттылық мектебі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-тренингі өтті

> 6 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас ж...

6 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан бойынша облысы бойынша департаменті және «Еуразия әлеуметтік - гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Парасаттылық мектебі» тақырыбы аясында танымдық семинар-тренингін өткізді.

Шара барысында департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасы басшысының м.а. Хайруллин Б.М. Агенттіктің негізгі қызметі, облысымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесімен қамтылған жұмыстарға тоқталып, жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу сынды превентивтік шараларға жеке тоқталып, түсіндірді.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы - Салиева Әлия Өтемісқызы жобалық кеңсе жұмысымен таныстырып, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруші орын ретінде азаматтардың өтініштерін қарауда жедел шешім қабылдау мүмкіндігін туғызып, нәтижелі жұмыс көрсетіп отырғанын атап көрсетті.

Одан әрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі облыстық арнайы мониторинг тобының басшысы - Туркина Айгүл Серікқызы монитоингтік тобының қатысуымен шешімін тапқан өзекті проблемаларға тоқталды.

Оның ішінде «Сырым» шекара бекетіндегі көлік кептелісі мен кезекті ретке келтіру, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілген мониторинг, студенттер жатақханаларындағы жағдайдың жақсаруы, т.б.

Департаменттің бас маманы Мурзакаева Г.М. қатысушыларды республика көлемінде енгізіліп жатырған «Ашық бюджеттердің» Интерактивті картасы» жобасымен таныстырды.

Жобаның маңыздылығы – бюджеттен бөлінген қаражатты кез келген азамат қадағалап отыруына мүмкіндік береді. Осылайша, қоғамдық бақылау жүзеге асырылып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қаражат бөлу, оны жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Аталған шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі күшейтуде азаматтық қоғамның белсенділігінің рөлі жоғары екенін басты назарда ұстап, әрбір қоғам мүшесінің жауапкершілігі мен парызды ұмытпай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру идеологиясын ілгерілетудің мән-маңызын жан-жақты ашып көрсетті.

Семинар-тренинг соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasattyly-mektebi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-treningi-tti-843969](https://yvision.kz/kk/post/parasattyly-mektebi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-treningi-tti-843969)