---
title: "Парасатты, адал ұрпақ өсіп келеді"
description: "Қазіргі таңда Ақмола облысының барлық жалпы білім беретін орта мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мек..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-27T16:02:57+00:00"
modified: "2017-04-27T16:02:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasatty-adal-rpa-sip-keledi-765114"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasatty-adal-rpa-sip-keledi-765114/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Парасатты, адал ұрпақ өсіп келеді

> Қазіргі таңда Ақмола облысының барлық жалпы білім беретін орта мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мек...

Қазіргі таңда Ақмола облысының барлық жалпы білім беретін орта мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді. Аталмыш клубтар тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысады және қолдау көрсетеді.

Департамент қызметкерлері мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, атап айтқандаСыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде Көкшетау қаласының мектептеріне барып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларға қатысады.

А.ж. 25 сәуірде оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, жастарды адамгершілік нормаларға тәрбиелеу мақсатында Көкшетау қ. №18 орта мектебінің «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесу диалог және пікір алмасу түрінде өтті. Оқушылар сыбайлас жемқорлықтың зияны, мемлекеттің экономикасы мен дамуына келтіретін келеңсіз салдары туралы пікірлерімен бөлісті. ![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/20170425_125529.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasatty-adal-rpa-sip-keledi-765114](https://yvision.kz/kk/post/parasatty-adal-rpa-sip-keledi-765114)