---
title: "Парасатсыз шенеуік қызметтен кетуі қажет"
description: "2020 жылдың 19 мамырында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев және БАҚт..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-20T15:19:53+00:00"
modified: "2020-05-20T15:19:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasatsyz-sheneuik-yzmetten-ketui-azhet-857389"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasatsyz-sheneuik-yzmetten-ketui-azhet-857389/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Парасатсыз шенеуік қызметтен кетуі қажет

> 2020 жылдың 19 мамырында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев және БАҚт...

2020 жылдың 19 мамырында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев және БАҚтың қатысуымен «Бөрлі аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныс қаралды.

Анықталғанындай, 2019 жылғы 26 желтоқсанда аталған РММ қызметкері жеке тұлғадан тәттілер (кәмпит, торт) түрінде заңсыз сыйақы және мазмұны белгісіз конверт алған. Қызметкер сыйақыдан бас тартпай, осылайша жеке тұлға тарапынан заңсыз әрекет жасауға жағдай тудырған.

Одан бөлек, аталған қызметкердің бизнес өкілімен қызметтен тыс байланысы тіркелген, яғни оның бизнес қызметін жандандыру үшін мүддесін қорғайтындай әрекеттер байқалады, өйткені кездесу бүркемеленген (қағазға жазу арқылы) түрде жүрген.

Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Алайда, лауазымды тұлғаның іс-әрекеттерінде өзіне және басқа да адамдарға пайда табу мақсатында, қызмет мүдделеріне қайшы, өзінің қызметтік жағдайын пайдалану белгілері байқалады.

Жоғарыда көрсетілген фактілерді жасауға төмендегі жағдайлар әсер еткен:
- РММ басшылығы тарапынан бағынысты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті деңгейде бақылаудың жоқтығы;
- РММ әкімшілік ғимаратында келушілермен қызметкерлердің еркін кездесуі, қарым-қатынаса алуы, сондай-ақ келушілерді күмәнді заттармен (сыйлық, гүл, кәмпит және т.с.с.) өткізбеу міндетін өткізу режимі бойынша жауапты тұлғаның өз қызметтін қажетті деңгейде орындамауы;
- тауарлар мен көрсетілген қызметтер сапасы саласындағы заңдылықты (ҚНА, талаптар, ереже, жағдай және т.б.) түсіндіру бойынша РММ жұмысының жеткіліксіздігінен болып отыр.

- Жоғарыда көрсетілген жағдай мен себептерді жою бойынша ұсыныстармен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіру бойынша аталған қызметкерді қызметінен босату, ал оның басшысын бағынысты қызметкерінің осындай сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттері және сыбайластықпен күрес шараларын жеткіліксіз қабылдағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейту кезеңінде, аталған сұрақтар өзекті болып тұр.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілген қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі-Департамент) ақпараты бойынша аталған қызметкер қазіргі уақытта еңбекке уақытша жарамсыз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasatsyz-sheneuik-yzmetten-ketui-azhet-857389](https://yvision.kz/kk/post/parasatsyz-sheneuik-yzmetten-ketui-azhet-857389)