---
title: "«Пара берген кінәлі ме, әлде алған адам кінәлі ме?» тақырыбына пікірталас өткізілді"
description: "А.ж. 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының Агротехникалық колледжінде «Пара берген кінәлі ме, әлде алған..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-09-13T00:26:18+00:00"
modified: "2016-09-13T00:26:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/para-bergen-kin-li-me-lde-al-an-adam-kin-li-me-ta-yrybyna-pikirtalas-tkizildi-711651"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/para-bergen-kin-li-me-lde-al-an-adam-kin-li-me-ta-yrybyna-pikirtalas-tkizildi-711651/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Пара берген кінәлі ме, әлде алған адам кінәлі ме?» тақырыбына пікірталас өткізілді

> А.ж. 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының Агротехникалық колледжінде «Пара берген кінәлі ме, әлде алған...

А.ж. 9 қыркүйекте Егіндікөл ауданының Агротехникалық колледжінде «Пара берген кінәлі ме, әлде алған адам кінәлі ме?» тақырыбына пікірталас өткізілді.

Пікірталасқа 80 адам – бірінші және екінші курс оқушылары қатысты. Пікірталасқа кіріспей тұрып директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары О.М.Мицуля және өндірістік оқыту шебері Т.А.Кашапова сыбайлас жемқорлық сипатындағы бірнеше оқиғаны көрсетті және классиктердің ол туралы сөздерінен қысқаша анықтама берді.

Студенттер өз пікірлерін білдіре отырып, оқиғалық мысалдар келтірді. 2-курс студенттері Фоминов Евгений мен Магасумов Ринат неғұрлым белсенді оппозиционерлер болды. Пікірталас қорытындысы бойынша студенттердің көпшілігі пара алатындар кінәлі, кейбіреулері пара беретіндер деп дауыс берсе, аудиторияның жартысы пара беруші де, алушы да заң бұзатын болғандықтан екі тарап та кінәлі деген пікірде болды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_28.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/para-bergen-kin-li-me-lde-al-an-adam-kin-li-me-ta-yrybyna-pikirtalas-tkizildi-711651](https://yvision.kz/kk/post/para-bergen-kin-li-me-lde-al-an-adam-kin-li-me-ta-yrybyna-pikirtalas-tkizildi-711651)