---
title: "Пантеонды қайтесің, өлген соң, бәрі бекер"
description: "Сұраласың, қор боласың. Әсіресе, елдің аманатын арқалаған адамдардан сұрау ерекше болады делінеді, ш..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-01T22:27:38+00:00"
modified: "2017-06-01T22:27:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/panteondy-aytesi-lgen-so-b-ri-beker-768732"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/panteondy-aytesi-lgen-so-b-ri-beker-768732/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пантеонды қайтесің, өлген соң, бәрі бекер

> Сұраласың, қор боласың. Әсіресе, елдің аманатын арқалаған адамдардан сұрау ерекше болады делінеді, ш...

Сұраласың, қор боласың. Әсіресе, елдің аманатын арқалаған адамдардан сұрау ерекше болады делінеді, шариғатта. Олардың ішіп жемі, киген киімі, жүріс - тұрысына дейін сұрау болады. Олай болса, неге бәрі соған асығады? Бұл, не **ЕРЕЖЕ?** Осыны ойлап, басым қатты.

**Үкімет Ұлттық Пантеон** туралы **Ережені** бекітіпті. [«Қазақ үні»](http://www.qazaquni.kz/) ұлттық порталы былай дейді.

«Қасиетті жерге» мына санаттағылар жерленеді:

*– Қазақстан **президенттері** мен олардың **отбасы** мүшелері;*

*– Қазақстанның **премьер-министрлері** мен оның орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен олардың орынбасарлары, **мемлекеттік хатшылар**, **президент әкімшілігі** басшылары, **конституциялық кеңес**, **Ұлттық банк** пен **Жоғарғы сот** төрағалары;*

*– **министрлер**, президентке тікелей бағынатын мемлекеттік **орган басшылары**, **облыс әкімдері**, республикалық маңызға ие **қала әкімдері**, **астана әкімдері**;*

*– **«Халық қаһарманы»,** **«Қазақстанның Еңбек Ері»** атағын иеленгендер;*

*– **«Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері;***

*– **«Кеңес Одағының батыры», «Социалистік еңбек ері» атағының иегерлері;***

*– **«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»** атағын иеленгендер;*

*– **президенттің** шешімімен мақұлданған басқа да тұлғалар;*

*– **Пантеонға жерленгендердің** жанына кейін қайтыс болған **жары** да жерлене алады.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/panteondy-aytesi-lgen-so-b-ri-beker-768732](https://yvision.kz/kk/post/panteondy-aytesi-lgen-so-b-ri-beker-768732)