---
title: "П.В. Трусовқа, С.В.Патюткоға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз-релизі"
description: "2015 жылдың 20-ақпанында Петропавл қалалық сотының үкімімен Трусов Павел Валерьевич ҚР ҚК-нің 324 ба..."
author: "sko_sud"
published: "2015-03-11T00:47:42+00:00"
modified: "2015-03-11T00:47:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/p-v-trusov-a-s-v-patyutko-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-relizi-481091"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/p-v-trusov-a-s-v-patyutko-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-relizi-481091/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# П.В. Трусовқа, С.В.Патюткоға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз-релизі

> 2015 жылдың 20-ақпанында Петропавл қалалық сотының үкімімен Трусов Павел Валерьевич ҚР ҚК-нің 324 ба...

![П.В. Трусовқа, С.В.Патюткоға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз-релизі](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/p21l7jX2M1mHmV6fzsLikuWB00W34e.jpg)

2015 жылдың 20-ақпанында Петропавл қалалық сотының үкімімен Трусов Павел Валерьевич ҚР ҚК-нің 324 бабының 2бөлімі, 325 бабының 2 бөлімі, 351 бабының 1 бөлімімен қаралған қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда пайдакүнемдiк мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесiнде ресми құжаты жасыру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша құқықтар беретiн ресми құжатты қолдан жасау, сонымен қатар көрiнеу жалған сөз жеткiзу бойынша кінәлі деп танылды. П.В.Трусовқа жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК-нің 58 бабының 2 бөлімін қолданып 2 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өткізу түріндегі жаза тағайындалды.

Патютко Сергей Вячеславович ҚР ҚК-нің 325 бабының 2 бөлімімен қаралған қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша құқықтар беретiн ресми құжатты қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды және осы бап бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өткізу түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталған П.В. Трусов 2007 жылы «Логика» ЖШС-нің заңгері лауазымында жұмыс істеп жүріп, Қоспановтан қарыз соммасын өндіру бойынша кешенді заң рәсімдерін іске асыру үшін сол ЖШС директоры Н.М.Қоспановтың атына Қазақстан Республикасының азаматының төлкұжатын алғаны сотпен анықталды.

П.В.Трусов пайдакүнемдiк мақсатта, жеке бастың мүддесiнде ресми құжатты, яғни жәбірленуші Қоспановтың атына төлкұжатты жасырған, оны 2014 жылдың шілде айына дейін сақтаған және келесі жағдайларда қолданған.

2014 жылдың 18-маусымынан 2014 жылдың 11-шілдесіне дейін П.В.Трусов С.В.Патюткомен ресми құжатты, атап айтқанда С.В.Патютко директор лауазымында жұмыс істеген «Рематрикс» ЖШС-ге «Транспоставка» АҚБ есебінде сақтаулы Ресей Федерациясының 789 496 рубль және 23685 рубль ақшалай қаражаттарын «Рематрикс» ЖШС есебіне ауыстыру құқығын беретін Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот бұйрығын заңсыз жасауға бакғытталған қылмыстық сөз байласу жасаған. Соған байланысты П.В.Трусов және С.В.Патютко ұйымдастыру техникасының көмегімен құжатта 2014 жылдың 9-шілдесі күнін белгілеп, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының штатында ешқашан болмаған ойдан шығарылған судьяның атынан 2-4099/14 өндісінің сот бұйрығын дайындаған.

Бұл сот актісін жалған жасау фактісі П.В.Трусов және С.В.Патютконың сот жүйесінің міндеттерін иеленгені туралы және азаматтардың сотта қорғану конституциялық құқығын өрескел бұзғанын куәләндырады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/p-v-trusov-a-s-v-patyutko-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-relizi-481091](https://yvision.kz/kk/post/p-v-trusov-a-s-v-patyutko-a-atysty-ylmysty-is-boyynsha-baspas-z-relizi-481091)