---
title: "Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күніне мерекелік анонс"
description: "Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл м..."
author: "Arsik"
published: "2013-04-14T23:55:00+00:00"
modified: "2013-04-15T00:02:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-merekelik-anons-347545"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-merekelik-anons-347545/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күніне мерекелік анонс

> Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл м...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/6q6G0Is1s11e3v7DqbYE9PWq4qQ3vE.jpg)

***Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл мерекені қалай тойлайтынын алдын ала біліп алып, сіздермен бөлісіп отыр.***

*** ![](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/w56S9Mai3OE6x5Xg6ckC5ZikJm85Ms.png) ***

**Астана:**

Астана қаласында сағат 21:00-де Астана орталық саябағында жастар жиналып, жанатын гелий шарларын ұшырады.

**Алматы:**

— сағат 15:00-де Қарасай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ұлттық ғашықтар күніне арнайы қойылым қояды.

— сағат 18:00-де ADK сауда-ойын-сауық кешенінде ғашықтарға арналған кеш ұйымдастырылады. Романтикаға толы ән мен биден тұратын кештің соңы жанатын гелий шарларын ұшыруға ұласады.

— сағат 18:30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Махаббат сазы» атты поэзия кеші өтеді.

**Семей:**

— сағат 17:00-де Абай драма театрында қалалық ғашықтар байқауы өтеді.

— сағат 22:00-де Абай атындағы орталық алаңда «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне орай жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

**Шымкент:**

— сағат 16:00-де облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы 15 сәуір күні нәрестелі болған жас аналарды құттықтап «Нұрсәт» ықшам ауданындағы перзентханаға барады.

— 16 сәуір күні сағат 19:00-де, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сапфир» мейрамханасында «Ғашықтар кеші» өтеді.

**Қарағанды:**

— сағат 17:00-де Кеншілер мәдениет сарайында «О, Махаббат» атты поэзиялық кеш өтеді.

— сағат 19:30-да «ЦУМ» сауда орталығының алдында қарағандылық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

**Теміртау:**

— сағат 17:00-де Теміртау политехникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитететінің ұйымдастыруымен «Қозы Қөрпеш — Баян Сұлу» күніне арналған кеш басталады.

— сағат 21:00-де, Орталық стадионда теміртаулық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

**Павлодар:**

— сағат 20:00-де Орталық жағажайда павлодарлық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

— 19 сәуір күні сағат 15:00-де С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің концерт залында «Ғашық болуға 7 қадам» атты шоу-байқау өтеді.

**Қостанай:**

— бүгін 21:00-де «Кіші көпірде» қостанайлық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

**Орал:**

сағат 19:00-де Жастар мәдениет үйінде «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне арналған «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл» атты мерекелік кеш өтеді.

**Ақтөбе:**

— сағат 17:00-де, «Нұр Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Mega Ақтөбе» сауда-ойын-сауық орталығында «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» байқауы өтеді.

**Қызылорда:**

— сағат 18:00-де Қызылорда қаласының орталық алаңында жастар кеші басталады. Қала қонақтары мен тұрғындарын керемет кештің куәсі болуға шақырамыз.

*Қапы қалмаңыздар, достар!*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-merekelik-anons-347545](https://yvision.kz/kk/post/ozy-k-rpesh-bayan-s-lu-k-nine-merekelik-anons-347545)