---
title: "Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесу өтті"
description: "Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен, кәсіби және профес..."
author: "aigerim.abubakirova"
published: "2022-11-08T03:51:18+00:00"
modified: "2022-11-08T03:51:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ozha-ahmet-yasaui-atynda-y-haly-araly-aza-t-rik-universitetini-zhymymen-kezdesu-tti-978154"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ozha-ahmet-yasaui-atynda-y-haly-araly-aza-t-rik-universitetini-zhymymen-kezdesu-tti-978154/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесу өтті

> Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен, кәсіби және профес...

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен, кәсіби және профессорлық-оқытушылық құрамымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесуі өткізілді. Кездесуге қалалық штаб мүшелері Садықов Сейдулла және Дінмұхамед Үмбетұлы қатысты.

Жиын барысында "Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. Қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады", деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев балабақшаларда, мектептерде, университеттерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екеніне баса назар аударды- деді Садықов Сейдулла

Аталмыш жиында қонақтар еліміздегі алда өтетін саяси науқан бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы турасында келелі кеңес құрды.

Іс-шарада қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, сайлауға белсенділік тантатындарын жеткізді.

Жиын соңында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатысушыларды алдағы халқымыз үшін тағдыршешті кезеңге бейжай қарамай, белсенді болуға шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ozha-ahmet-yasaui-atynda-y-haly-araly-aza-t-rik-universitetini-zhymymen-kezdesu-tti-978154](https://yvision.kz/kk/post/ozha-ahmet-yasaui-atynda-y-haly-araly-aza-t-rik-universitetini-zhymymen-kezdesu-tti-978154)