---
title: "Қозғалыстың жас инспекторлары рейдке шықты"
description: "Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профила..."
author: "dvdkzokz"
published: "2015-08-28T03:17:01+00:00"
modified: "2015-08-28T03:17:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oz-alysty-zhas-inspektorlary-reydke-shy-ty-533997"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oz-alysty-zhas-inspektorlary-reydke-shy-ty-533997/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қозғалыстың жас инспекторлары рейдке шықты

> Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профила...

Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қозғалыстың жас инспекторларымен біріге отырып жол қозғалыс ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көрнекі үгіт-насихат құралдарын таратты.

Облыс орталығындағы №101 мектептің алдында орналасқан реттелетін жол қиылысынан Қозғалыстың жас инспекторлары балалардың қолдарынан ұстап қалай дұрыс өту қажеттігін көрсетіп өткізді.

Жол-көлік жарақатының профилактикасына бағытталған көрнекі үгіт-насихат құралдарын облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің салондарына жабыстырып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын үнпарақшалар таратты.

Аталған шара қыркүйек айының 10-на дейін жалғасатын болады.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oz-alysty-zhas-inspektorlary-reydke-shy-ty-533997](https://yvision.kz/kk/post/oz-alysty-zhas-inspektorlary-reydke-shy-ty-533997)