---
title: "Ою таңбалы өрнек"
description: "Егемен Қазақстан, 25.02.2014 Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі суре..."
author: "Mki_gov"
published: "2014-02-25T03:54:33+00:00"
modified: "2014-02-25T03:54:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyu-ta-baly-rnek-402444"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyu-ta-baly-rnek-402444/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ою таңбалы өрнек

> Егемен Қазақстан, 25.02.2014 Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі суре...

*Егемен Қазақстан, 25.02.2014*

![Ою таңбалы өрнек](http://www.mki.gov.kz/uploads/images/2502_3.jpg)

Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі сурет­ші Бақ­ты­бек Тал­қамбаевтың шығар­машылығына арналған «Мәңгілік Ел» атты көрмесі ашылды. Көрме Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауында айтқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдайды. – Мемлекет басшысының ұлттық идеясы бізді рухани талпынысқа, шығармашылық ізденістерге ынталандырады. Соның дәлелі осы өнерге арналған көрме, – дейді бұл шараның басында жүрген Роза Жүсіпова. Суретшінің кескіндемеле­рінен таби­ғаттың сан түрлі көрінісіне көз салсақ, ою-таң­балы еңбектерінде бояуды құбылтып отырады. Оюлы өнер, оның табиғатпен, ғарышпен, тарихпен байланысын ашып тұр­­ғандай. Ұлттың мәдени ділі­нің құ­пиясына тереңдеп барып, иірім­дерін құбылтып жібереді. – Елбасының Жолдауындағы соны тұжырым бізді, әсі­ресе, өнер адамдарын қанаттан­дыруда. Менің шығар­машы­лығымның астарында негізінен ұлт болмысы көрініс тауып отырады. Содан да шығар, шетел­дік көрермендер әр суре­тімді жылы қабылдап, ха­лық­тық бояуға ризалық­тарын білдіріп жатады. Әсіресе, ою таңбалы өрнектерге ілтипаттары ерекше ауады. Өткен мен бүгінгіні ұштастыра отырып ұлтымыздың озық үлгісін өз еңбектерімде жаң­ғыртып, кейінгіге жеткізсем деген ниеттемін, – дейді сурет­ші Бақтыбек Талқамбаев. Шы­ғармашылық басқосуда өнер­танушы Ермек Асылханов пен ғалым Ерболат Дәленов сурет­ші туындыларына жылы лебіздерін білдірді. **Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,** **«Егемен Қазақстан»**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oyu-ta-baly-rnek-402444](https://yvision.kz/kk/post/oyu-ta-baly-rnek-402444)