---
title: "Ойнақтаған он саусақ"
description: "Компютерде асығыс мәтін теріп отырғанда әріптік қате жібергенімізді саусағымыз сезіп қояды. Менде д..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-01-31T16:49:54+00:00"
modified: "2018-01-31T16:49:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyna-ta-an-on-sausa-794871"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyna-ta-an-on-sausa-794871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ойнақтаған он саусақ

> Компютерде асығыс мәтін теріп отырғанда әріптік қате жібергенімізді саусағымыз сезіп қояды. Менде д...

Компютерде асығыс мәтін теріп отырғанда әріптік қате жібергенімізді саусағымыз сезіп қояды. Менде де солай. Саусағым сүрініп кеткенде бірден мониторға қараймын. Расында қате кеткен болып тұрады. Мысалға сағат дегенді сғаат деп жазып қоямын. Көзімізді пернетақтадан мониторға көтеретін сол сүрінген саусағымыз. Қаламмен жазғанда қате жібермейтін едік қой. Бұрынырақта естігенін, көргенін елге айтып қоя беретін адамдарды аузына сөз тұрмайды деуші едік. Сондайлар қазір де бар. Мен оларды саусағына сөз тұрмайды деймін.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oyna-ta-an-on-sausa-794871](https://yvision.kz/kk/post/oyna-ta-an-on-sausa-794871)