---
title: "Ойла: Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері"
description: "Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитатала..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2021-01-05T05:06:36+00:00"
modified: "2021-01-05T05:06:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyla-ly-dala-t-l-alaryny-danaly-s-zderi-908922"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyla-ly-dala-t-l-alaryny-danaly-s-zderi-908922/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ойла: Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері

> Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитатала...

Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитаталар жинағы, - деп аталатын кітаппен таныстырғым келіп отыр. Кітап Алматы қаласының «Ел-шежіре» коғамдық қоры баспасында, 2020 жылы шыққан. Таралымы 3000 дана.

Бұл кітапта көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғаларының, оның ішінде ойшылдардың, би- шешендердің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектерінен іріктелінген нақыл сөздер беріліп отыр.

Кітап әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, журналистерге, саясаткерлерге, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oyla-ly-dala-t-l-alaryny-danaly-s-zderi-908922](https://yvision.kz/kk/post/oyla-ly-dala-t-l-alaryny-danaly-s-zderi-908922)