---
title: "Ойдәптерден"
description: "Күлімдеші өмір маған, күлімдеші! Қабақ түйіп ешқашан түңілмеші. Аспанымда Күн күліп, Ай арайлап, Жақ..."
author: "ZhaksyBlog"
published: "2015-11-15T23:37:39+00:00"
modified: "2015-11-16T00:14:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyd-pterden-641009"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oyd-pterden-641009/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ойдәптерден

> Күлімдеші өмір маған, күлімдеші! Қабақ түйіп ешқашан түңілмеші. Аспанымда Күн күліп, Ай арайлап, Жақ...

Күлімдеші өмір маған, күлімдеші!

Қабақ түйіп ешқашан түңілмеші.

Аспанымда Күн күліп, Ай арайлап,

Жақсылықтың маған бір гүлін берші.

***

Армандарға қол создым биік-биік.

Тұлпарлардан озам деп небір жүйрік.

Жаратушы Алладан дұға тілеп,

Сенімімді арқалап, ақыл түйіп.

***

Иманым мен нәпсімді таластырмай,

Тоқпағыннан өзіннің адастырмай,

Күлімдеші өмір маған, күлімдеші!

Арайланған ақ таңмен бірге келші!

Жақсылық Жақсыбай

![Ойдәптерден](https://storage.yvision.kz/images/user/zhaksyblog/re3MzRj1TH4E4bgLS8A4RqrCSU4RwO.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oyd-pterden-641009](https://yvision.kz/kk/post/oyd-pterden-641009)