---
title: "«Ой талқы» бағдарламасында жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар талқыланды"
description: "2018 жылдың 17 қазанда «Agjaiyg» телеарнасының «Ой талқы» бағдарламасының кезекті шығарылымында Баты..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-10-17T14:16:16+00:00"
modified: "2018-10-17T14:16:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-tal-y-ba-darlamasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-at-arylyp-zhatyr-an-zh-mystar-tal-ylandy-817033"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-tal-y-ba-darlamasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-at-arylyp-zhatyr-an-zh-mystar-tal-ylandy-817033/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ой талқы» бағдарламасында жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар талқыланды

> 2018 жылдың 17 қазанда «Agjaiyg» телеарнасының «Ой талқы» бағдарламасының кезекті шығарылымында Баты...

2018 жылдың 17 қазанда «Agjaiyg» телеарнасының «Ой талқы» бағдарламасының кезекті шығарылымында Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар мәселесі талқыланды.

Бағдарламаға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, сот жүйесі, «Нұр Отан» партиясының БҚОФ өкілдері және әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты.

Өз кезегінде, Б.Хайруллин Мемлекет басшысының Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Департаментпен атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ, ол «Адал ұрпақ», «Қоғамдық бақылау картасы» және «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобаларының маңыздылығына тоқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oy-tal-y-ba-darlamasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-at-arylyp-zhatyr-an-zh-mystar-tal-ylandy-817033](https://yvision.kz/kk/post/oy-tal-y-ba-darlamasynda-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-at-arylyp-zhatyr-an-zh-mystar-tal-ylandy-817033)