---
title: "«Ойұшқын» ток-шоуында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі талқыланды"
description: "А.ж. 15 наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеканалының «Ойұшқын» ток-шоуында «Кәсіб..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-01T07:51:04+00:00"
modified: "2017-04-01T08:06:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-sh-yn-tok-shouynda-k-sibi-memlekettik-apparat-ru-m-selesi-tal-ylandy-762051"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-sh-yn-tok-shouynda-k-sibi-memlekettik-apparat-ru-m-selesi-tal-ylandy-762051/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ойұшқын» ток-шоуында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі талқыланды

> А.ж. 15 наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеканалының «Ойұшқын» ток-шоуында «Кәсіб...

А.ж. 15 наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеканалының «Ойұшқын» ток-шоуында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбы талқыланды. Ток-шоудың басында қазіргі уақытта өткізіліп отырған мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, аттестаттау комиссияларының жұмысы жайында сюжет көрсетілді. Ток-шоуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева қатысып, мемлекеттік қызметті реформалаудың аймақта орындалу барысы жөнінде айтып өтті. Р.Братаева әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауына баса назар аударды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oy-sh-yn-tok-shouynda-k-sibi-memlekettik-apparat-ru-m-selesi-tal-ylandy-762051](https://yvision.kz/kk/post/oy-sh-yn-tok-shouynda-k-sibi-memlekettik-apparat-ru-m-selesi-tal-ylandy-762051)