---
title: "Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не?"
description: "Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не? ...Махаббат - негізінде бітпейтін майдан. Ал майданда..."
author: "Rauski"
published: "2015-04-07T08:09:00+00:00"
modified: "2015-05-05T00:44:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-elegimen-syrlasu-nemese-mahabbat-degen-ne-488742"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-elegimen-syrlasu-nemese-mahabbat-degen-ne-488742/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не?

> Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не? ...Махаббат - негізінде бітпейтін майдан. Ал майданда...

![Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не?](https://storage.yvision.kz/images/user/rauski/7cCZOYiwJ5BFh4m8s2DjjeQe7G570J.jpg)

Ой елегімен сырласу немесе Махаббат деген не?

...Махаббат - негізінде бітпейтін майдан. Ал майданда барлығына белгілі болғандай жеңіске жету үшін барлық айла-тәсілді пайдаланады.

Сол майданда не бір түрлі жан қиярларды көресің. Өзінің махаббаты үшін бәріне де дайын болады. Әттең-ай, оны мына заманда түсініп жатқан кім бар?!

Бір қызығы ол майдан бүткіл дүние жүзін шарпымайды, бар жоғы бірнеше адам арасында болады.

Сол майданда өзінің қызу қандылығы мен қайтпастығымен көзге ерекше көрінетін жоғарғы шенді басты офицерлердің бірі - Генерал Жүрек. Жүректің ат қосшыларын айта кетпесем тағы болмайды. Төменгі шенді офицердің бірі -полковник Қиял және капитан Ой елегі. Олар Жүректің ажырамас достары, Жүректің жанынан шықпайтын сенімді және ол үшін жанқиярлар, оның оққағары сияқты. Олардың басқаруында “Сөз” деген атпен аталған әскери девизион. Оның ішіне жаяу әскер, атты әскер, ауыр техника, жоғарғы дәрежелі аса қабілетті ұшқыштар кіреді. Полковниктің қарамағына ауыр техника мен ұшқыштар кірсе, капитан қалған әскерге қарайды. Бүткіл дивизион аса құрметті де, қадірменді Ақыл атты маршалдың қол астында. Жорық барысында Ақыл ғана майданда даналық пен айлакерлікті танытады.

Ал, жаудың Тәкәппар, Өзімшіл, Кейқуатшыл деген офицерлері мықты. Олар талай рет генералды, полковникті, капитан үшеуін әскерлерімен бірге қоршауға алып жаралаған кездері де болды. Оған қоса олардың ішінен аса айлакер, қу түлкісінің бірі Пайдаланғыш деген офицері еді. Жүрек байқұс қызбалыққа, асығыстыққа салынып, сол сұмпайыға жем болғаны да бар еді. Генерал Жүректің жау қолына түсіп қиналып, тірідей азаптанғаны соның кесірінен еді. Тұтқынға түсіп, есінен адасуға аз қалған Жүректі Ақыл ғана әскерімен жау қолынан босатып алған. Оның бәрі Маршалдың бұйрығын орындамағандықтан, сондай жағдайға әкеліп соғады... Ақыл ғана дұрыс жолға салады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oy-elegimen-syrlasu-nemese-mahabbat-degen-ne-488742](https://yvision.kz/kk/post/oy-elegimen-syrlasu-nemese-mahabbat-degen-ne-488742)