---
title: "«Ой бөлістім халқыммен»"
description: "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына қатысты тұщымды ойлары жинақталған арнайы тележобаны бүгін Ұл..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-05T03:52:00+00:00"
modified: "2015-08-05T07:54:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-b-listim-hal-ymmen-524195"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/oy-b-listim-hal-ymmen-524195/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ой бөлістім халқыммен»

> Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына қатысты тұщымды ойлары жинақталған арнайы тележобаны бүгін Ұл...

![«Ой бөлістім халқыммен»](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/5fyYq2A2lGRw8zk5JqsVD6lAoD6Jtr.png)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына қатысты тұщымды ойлары жинақталған арнайы тележобаны бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те көре аласыздар.

«Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!». Н.Назарбаев. Қашанда халқымен бірге Мемлекет басшысы: «1991 жылы сайланар алдында еліме берген уәдемді орындай алдым, деп ойлаймын. Сол кезеңдері жанымдағы адамдармен бірге біз Тәуелсіз Қазақстанды құра алдық. Терезесін тең қылып, дүниежүзіне паш еттік»,-дейді. Әр істі бастамас бұрын халқына жүгінетін Елбасы жеткен жетістіктерін халқымен байланыстыратынын айтады. «Қиналсам да, қуансам да, бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым болсын»,-дейді.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:45-те «Ой бөлістім халқыммен» арнайы тележобасын көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/oy-b-listim-hal-ymmen-524195](https://yvision.kz/kk/post/oy-b-listim-hal-ymmen-524195)