---
title: "Отбасы тағдыры «Ойланып мынау өмірге»"
description: "Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы Ойланып мынау өмірге, Терең ойға батарсың. Тізбек өткен күндерге, Б..."
author: "Aikosmuz"
published: "2013-10-21T18:20:51+00:00"
modified: "2013-10-21T18:20:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ta-dyry-oylanyp-mynau-mirge-380295"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ta-dyry-oylanyp-mynau-mirge-380295/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Отбасы тағдыры «Ойланып мынау өмірге»

> Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы Ойланып мынау өмірге, Терең ойға батарсың. Тізбек өткен күндерге, Б...

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Ойланып мынау өмірге, Терең ойға батарсың. Тізбек өткен күндерге, Бір күні сынақ саларсың.

Сүйем деген сөзіңді, Көп болды жаным айтпадың. Кешегі болған бақыттың, Ізін бүгін таппадым.

Жауап күтіп өзіңнен, Таңды жалғыз атырдым. Салқын мынау көзіңнен, Маған сағым қалдырдың.

Кете бердің алыстап, Ізіңе бір қаратып. Жылап тұрған жүрегім, Сен деп жазар тіл қатып.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ta-dyry-oylanyp-mynau-mirge-380295](https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ta-dyry-oylanyp-mynau-mirge-380295)