---
title: "Отбасы құндылықтары"
description: "Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананы..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-05-19T11:26:24+00:00"
modified: "2022-05-19T17:40:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ndyly-tary-967224"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ndyly-tary-967224/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Отбасы құндылықтары

> Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананы...

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/0bafbd71d19dd3fb20fb369c7a580a.jpg)

Осы күнге орай 19 мамырда Ересек балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Отбасы құндылықтары» әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттерге отбасылық құндылықтар, отбасында қалыптасқан дәстүрлер туралы айтылды. Сондай-ақ, отбасында кездесетін қиындықтар, гендерлік тепе-теңдік, аралас неке сияқты тақырыптарда ашық әңгімелестік. Сұқбаттасушымыз 15-16 жастағы жасөспірімдер болғанымен, қойылған сұрақтарға еркін, әрі ашық жауап беріп отырды. Іс-шара соңында жастар болашақта іргесі берік отбасын құрамыз деген сенімді ойда тарқасты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/11d83bf413d0bc8d6aefd21f8b5020.jpg)

#балалар_жылы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/e26b8cbcfd3e6c3a4ba6dddb697f4b.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ndyly-tary-967224](https://yvision.kz/kk/post/otbasy-ndyly-tary-967224)