---
title: "Отандық брендттер неге қымбат?"
description: "Отандық брендттер неге қымбат? БҮГІНГІ НАРЫҚТЫҚ ҚОҒАМДА ТЕК ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІМЕН ЕМЕС ШҮБЕРЕКТІ КӨР..."
author: "makala"
published: "2014-10-08T01:58:22+00:00"
modified: "2014-10-08T01:58:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandy-brendtter-nege-ymbat-433062"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandy-brendtter-nege-ymbat-433062/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Отандық брендттер неге қымбат?

> Отандық брендттер неге қымбат? БҮГІНГІ НАРЫҚТЫҚ ҚОҒАМДА ТЕК ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІМЕН ЕМЕС ШҮБЕРЕКТІ КӨР...

# Отандық брендттер неге қымбат?

#### БҮГІНГІ НАРЫҚТЫҚ ҚОҒАМДА ТЕК ШИКІЗАТ КӨЗДЕРІМЕН ЕМЕС ШҮБЕРЕКТІ КӨРКЕМДЕП КҮНКӨРІС КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРЫП ҮЛГЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТТЕРДІ ӘЛЕМ МОЙЫНДАП ОТЫР. КӘСІБИ ТІЛДЕ " ЖОҒАРҒЫ МОДА" (ВЫСОКАЯ МОДА) ОТАНЫ АТАЛАТЫН ҰЛТТАРҒА ИТАЛЬЯН, ФРАНЦУЗ, НЕМІС, АҒЫЛШЫН, ИСПАН ЖӘНЕ АЗИЯЛЫҚ АЙДАҺАР ҚЫТАЙЛЫҚТАРДА КІРЕДІ ЕКЕН.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/206832.jpg)

Бізде де батыстан соққан «фешн-индустрияның» адымдап басқан қадамы қауқарсыз болып тұр. Аспандап өскен құнына ұсқыны сай емес. Үлде мен бүлдеге оранып, ұлттық брендті мақтана киіп жүру үшін «Аида КаумеNOVAның» 125 000-нан басталып 200 000 -300 000 тұратын шүберегін сатып алуыңыз жеткілікті. Бұл қайдан шыққан баға? Отандық кәсіпкерімізді асырап тұрған әзірше бай-патшалар, дөкейлер мен эстрада жұлдыздары екен.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/3b52d8.jpg)

Өз киімдерінің отанынан қарағанда шетелде көбірек сұранысқа ие екенін Аида ханым мақтанышпен айтатын көрінеді. Сонымен қатар, өз елінде ұлтан болудан гөрі өзге елде сұлтан болуды қалайтындардың ішінде әнші және аз уақытта дизайнер болып үлгерген Лидо ( Лидия Досалина) және бет -пішіні де қазақтан гөрі шетелдік қызтекелерге көбірек ұқсайтынСәкен Жақсыбаевтардың қолынан туған өнерлері қарапайым халыққа қолжетімсіз қымбат.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/f86a3e.jpg)

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/f28443.jpg)

Қазақстандық киім бағаларының неліктен шарықтап тұрғанын біле алмадық, есесіне "Қазақстанда фэшн дамымаған " деген "ғаламдық" жағдай бұл киім тіккіштердің сүйікті сөзі айналған.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/14b5d2.jpg)

#### ТҮРКИЯНЫҢ 12 000 ТҰРАТЫН САПАЛЫ КӨЙЛЕГІ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙДЫҢ 5 000 ТЕҢГЕЛІК ЖЕЙДЕСІН ҚАНАҒАТ ТҰТЫП ЖҮРГЕН ХАЛАЙЫҚҚА 100 000 ТҰРАТЫН ӘИДЕНІҢ КИІМІН НЕГЕ АЛМАЙСЫҢ ДЕП ҚАЛАЙ РЕНЖИМІЗ? Біздің фэшн-экономикамыз мұндай жағдайда қалай дамымақ? Өз пайымдауымша, бағаның қолжетімсздігімен қатар, отандық текстиль өндірісінде бәсекенің аздығы әсер етеді. Арзандау тігетін тігін фабрикаларын кеңінен ашып, заманауи технологиямен қамтамасыз ететін болса, жұмыссыздар да отандық дизайнерлер де қарқ болып қалатын еді. Біздің «заманауи индустриялды- инновациялық» деген сөзді ұнататын үкімет осы салаға неге назар аудармайтынына таңым бар. Жыл сайын «дизайнер» факультетін аяқтап жатқандарға да таптырмас тәжірибе де болары сөзсіз.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/de8f35.jpg)

Мәселен, еуропалық атынан ат үркитін брендтік — MANGO, MEXX, Dolce Gabbano, GUCCI, Prada секілді киім маркалары өз мемлекеттеріндегі өндіріс орнын жауып, Қытай Республикасынан фабрикалар ашқан. Оған себеп- арзан жұмыс күші және тігін машиналары мен материалдарының Қытайда жасалатыны. Белгілі брендтің технологиясымен айнытпай тігіп шығып, әлемді аузына қаратып отырған аймақ. Біздегі дизайнерлер де көршілес Түркия мен Қытай тігін фабрикаларына тапсырыс береді. Тігетін фабрика да адам да бір, бірақ бағасы жер мен көктей. Маңдай теріңізбен тапқан қаражатыңыздың жартылай құны тек брендтің атауына төленеді. Жуырда Астанадағы " Керуен" сауда орталығына кіріп, Аида КаумеNOVA ( Жұрттар тегіндегі -ова, -евадан құтыла алмай жүргенде, фамилиясындағы мағынасыз жалғауын бадырайтып үлкейтіп қойыпты. Ол да «бренд» шығар. ) деген бутикке кіріп бағасына қызықтым. Сатушы келіншек қысқаша көйлекті 165 000 деді. Бұл көйлекті кім алады деп таңқалдым. Біз секілді контингентке арналып тігілмеген дүние болған соң үнсіз шығып кете бардық. Одан сәл өте бере ZHSAKEN бутигіне көзіміз түсті. Мұндағы баға 65 000, 50 000 ға көйлектер табуға болады. Әрине Кауменова ханымның қасында бұл бағалар жанды жұбатады, бірақ 50 000 деген Қазақстандағы орташа жұмыскердің бір ай жұмыс істеп табатын жалақысы. Ал Оңтүстікте ол мен деген мұғалім мен дәрігердің әжептеуір айлығы. Болмаса, дені 20 000-30 000 айлық алады. Ол кісілер демек дизайнерлеріміздің киімін кие алмайды екен ғой. Кимегені де дұрыс, өйткені Сәкен мырзаның дүкеніне кіріп, киімінің басы қайсы, мойны қайсы, аяғы қайсы екенін таппай қалдық.Ұялғанымыздан ол жақтан да шығуға мәжбүр болдық. Айта кетерлігі, бұл кісілер киіміне этно стиль қосады екен. Яғни кимдерін қазақи ою-өрнектермен әшекейлеп безендіреді. Қазақилығымызды көрсетеміз деп үгіттеп жүрген кәсіпкерлеріміздің өзі қазақша сөйлеуге келгенде ат тонын ала қашады. Ұлттың қамын емес, басқа алып қосары болмаған соң, ұлттық стильмен қалтаны қомпайтып жүргені айдан анық қой. 6-7 шілдеде өткен Астана күніне орай, қала көшелеріндегі көрмеде жуырда шыққан MUKAZHAN брендінің әмияндары мен сөмкелері сатылды. Бір әмиянның құны — 15 000 теңге, белбеу- 20 000, құжаттарды салатын әмиян — 7000 нан 10 000 барады екен. Басқа былғары әмияндардан айырмашылығы- атымды оқындар да ала беріңдер деген секілді оюы мен Мұқажанның есімі мөр боп басылған. Болды, басқа ерекшелігі жоқ. Соған қарағанда біздің кәсіпкерлерге«экономика негіздерін» қайта оқыту керек- ау. Нарыққа жаңа шыққан кез-келген тауар өзіне ұсыныс табу үшін алдымен баға саясатымен қызықтарымаушы ма еді.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/ff22a9.jpg)

Жуырда жастардың MAKENZO бренді жарық көрді. Футболкалардың құны 6500 теңгеден басталады. 2000-3000 теңгеге сатылып алынған матаның үстіне баспаханаға барып, Абайдың, Бауыржанның, Шәкәрімнің бейнелерін жабыстырып алсаңыз, белгілі «брендтің» иесі болып шыға келесіз. Ұлттық валютамыз менсінбей қойған ұлы тұлғаларымыздың бейнесі күндердің күні АҚШтың жалауына ұқсап іш киімізде желбіреп жүрсе таңқала қоймаспын.

![Білу керек!: Отандық брендттер неге қымбат?](http://blogtime.kz/uploads/images/00/06/21/2014/07/29/fe6116.png)

Француздардың белгілі дизайнеріКоко Шанель өз заманында былай деген екен: " Таптырмайтын маман болу үшін үнемі ізденіс үстінде өзгеріп отыру керек" . Бүгінгі жас дизайнер қауымнан тыңнан жол ашқан бір жаңашылдықты көрсек дейміз. Айтыла -айтыла тізесі шыққан ою-өрнекпен қазір қоғамның көңілінен шығып, оқ бойы озып кету осыдан 10 жыл бұрын басталған тенденция. Біздің тілек — тек сән әлемінде " Made in Kazakhstan" атын көру. (жалғасы мұнда: [mtdi.k](http://www.mtdi.kz/component/content/article/4131-2014-10-08-06-59-46)z)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/otandy-brendtter-nege-ymbat-433062](https://yvision.kz/kk/post/otandy-brendtter-nege-ymbat-433062)