---
title: "Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері"
description: "Наурыздың 31-нде iOS тұғырында қазақстандық \"Айтыс\" (iTys) мессенджері жүктеуге ашық болды. Жалпы ба..."
author: "orambaeva"
published: "2015-04-01T08:01:41+00:00"
modified: "2015-04-01T08:01:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandy-ba-darlamalardy-zh-kte-al-ash-aza-standy-itys-messendzheri-487331"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandy-ba-darlamalardy-zh-kte-al-ash-aza-standy-itys-messendzheri-487331/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері

> Наурыздың 31-нде iOS тұғырында қазақстандық "Айтыс" (iTys) мессенджері жүктеуге ашық болды. Жалпы ба...

Наурыздың 31-нде iOS тұғырында қазақстандық "Айтыс" (iTys) мессенджері жүктеуге ашық болды. Жалпы басқа мессенджерлермен салыстырғанда еш өзгешілігі жоқ. Алайда қазақстандықтарға оның ұлттық нақыштағы келбеті мен қазақша пернетақтасы ұнайтыны белгілі.

Тіркелу басқа мессенджерлерге ұқсас – телефон нөмірі арқылы өтеді, осындай терезе ашылады.

![Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері](http://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/scCAoOs8x84vyU5QraTaWJJG2hh38v.png)

Үстеме айфондар үшін тек кеше шықса да, Аndroid пайдаланушылары оны 2014 жылдың қарашасынан жүктей алатын. Даут Шайхисламов, жоба жетекшісі, үстеменің 150 мыңнан астам белсенді қолданушысы бар дейді.

Тіркеуден өткеннен кейін біз баптау терезесін көреміз. Статусты өзгертуге, анкетаны редакциялауға, хабарландыруларды қосуға/өшіруге болады.

![Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері](http://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/qy7byts8DbR6PS1zfP0UXU3Kpwbb4D.png)

Хабарламаларды жіберетін терезе өте қарапайым көрінеді. Хабарламалар бірден жіберіліп жатады, қолайсыз жері – хабарлама жеткені не жетпегені белгісіз.

![Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері](http://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/ws847L6mFsr6zQKO99a8w47xMsPVU3.png)

Артықшылықтар: қазақ әріптерінің орналасуы ұнады, сонымен қатар тілдерді тез ауыстыру.

![Отандық бағдарламаларды жүкте! Алғаш қазақстандық iTys мессенджері](http://storage.yvision.kz/images/user/orambaeva/vOv4BRamR4vgR8oSGQr6BSm4esX93A.png)

Бірақ менің бұл мессенджерді қолданғым келмейді.

Посттың [орысша түпнұсқасы](http://yvision.kz/post/460509)

Аударушы – Айжан Орамбаева

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/otandy-ba-darlamalardy-zh-kte-al-ash-aza-standy-itys-messendzheri-487331](https://yvision.kz/kk/post/otandy-ba-darlamalardy-zh-kte-al-ash-aza-standy-itys-messendzheri-487331)