---
title: "Отандасымыз Мәскеуде «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысады (ФОТО)"
description: "Жақында Мәскеуде өтетін «Азия Жігіт сұлтаны – 2013» (The Best Asian Man-2013) байқауында қазақстанды..."
author: "B-NEWS"
published: "2013-02-08T02:59:04+00:00"
modified: "2013-02-08T03:02:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandasymyz-m-skeude-zhigit-s-ltany-bay-auyna-atysady-foto-319378"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandasymyz-m-skeude-zhigit-s-ltany-bay-auyna-atysady-foto-319378/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Отандасымыз Мәскеуде «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысады (ФОТО)

> Жақында Мәскеуде өтетін «Азия Жігіт сұлтаны – 2013» (The Best Asian Man-2013) байқауында қазақстанды...

Жақында Мәскеуде өтетін «Азия Жігіт сұлтаны – 2013» (The Best Asian Man-2013) байқауында қазақстандық Арсен Тұрғамбаев бағын сынамақшы.

![](http://storage.yvision.kz/images/user/b-news/xOGD9DggG9P6m4ia5AM8FN693Dp7T2.jpg)

«Бұл білімділікті, өнер мен тапқырлықты қажет ететін сайыс. Білім қуып Мәскеуге оқуға түстім. Қазіргі таңда Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетінің 1 курс магистрантымын. Мамандығым – «Халықаралық басқару және бизнес». Негізі, Семей өңірі Үржар ауданының тумасымын. Бүгінде вокалдан бірнеше халықаралық конкурстарда бас жүлдеге қол жеткіздім. Өнер мен білімге жас кезден құштар болғаннан соң осы байқауға қатысып, бағымды сынап көрейін дедім. Бақ шаба ма, бап шаба ма, ол уақыттың еншісінде», - дейді Арсен.

Талантты жас өлең жазып, ән айтуды да ұнатады. Қазақстанда бірнеше жыр мүшәйраларында да ақындық қырынан танылған көрінеді.

Айта кетейік, The Best Asian Man байқауы Мәскеуде биыл екінші рет 22 ақпан күні өтпекші. Былтыр бұл байқауға қазақстандық Арыстан Түйжанов қатысқан болатын.

Айым Сәдуақасова

Түпнұсқаны [мына жерден](http://www.bnews.kz/kk/photonews/post/123832/) оқи аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/otandasymyz-m-skeude-zhigit-s-ltany-bay-auyna-atysady-foto-319378](https://yvision.kz/kk/post/otandasymyz-m-skeude-zhigit-s-ltany-bay-auyna-atysady-foto-319378)