---
title: "«Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы"
description: "Алматы Ашық Әдеби Мекебі (ААӘМ) мен «Полифония» әдеби фестивалі Алматы қаласының Мәдениет басқармас..."
author: "lg_with_aman"
published: "2016-10-25T06:08:39+00:00"
modified: "2016-10-25T06:40:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandasy-dy-o-y-zhobasyny-ayasynda-y-recenziyalar-bay-auy-721117"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/otandasy-dy-o-y-zhobasyny-ayasynda-y-recenziyalar-bay-auy-721117/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы

> Алматы Ашық Әдеби Мекебі (ААӘМ) мен «Полифония» әдеби фестивалі Алматы қаласының Мәдениет басқармас...

![«Отандасыңды оқы!» жобасының аясындағы рецензиялар байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/lg_with_aman/25Io3r2Smpr40Wqh5TJ1kfJFca50NY.jpg)

Алматы Ашық Әдеби Мекебі (ААӘМ) мен «Полифония» әдеби фестивалі Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Отандасыңды оқы!» жобасының аясында рецензиялар* байқауын жариялайды.

**Байқау ережелері:**

1. Байқауға 300-ден 1000 сөзге дейінгі көлемде, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған рецензиялар мен пікірлер қабылданады.

2. Рецензиялар мен пікірлер қазақстандық автордың кітабына не туындысына жазылуы тиіс.

3. Байқауда 1991-2016 жж. жазылған кітаптарға, яғни заманауи әдебиеттерге басымдылық беріледі. Бағыт ретінде Bookmate электронды кітапханасындағы [«Отандасыңды оқы!](https://bookmate.com/bookshelves/KhTnBmOy)[» кітаптар сөресіне](https://bookmate.com/bookshelves/KhTnBmOy) енген кітаптарды алуға болады. Алайда қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларына жаңа көзқарасыңызды білдіргіңіз келсе, шек қойылмайды.

**Жариялау шарттары:**

1. Рецензияны 2016 жылдың 25 қарашасына дейін litfest.kz@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет. Ілеспе хатта рецензия авторының аты-жөнін және байланыс телефонын, сондай-ақ рецензия жазылған кітап атауы мен авторының аты-жөнін келтіру керек.

2. Сондай-ақ байқауға рецензияны Facebook әлеуметтік желісі арқылы жариялауға болады. Ол үшін «Полифония» немесе ААӘМ жеке парақшаларындағы байқау хабарландыруына репост жасап, сипаттамасына рецензияның немесе пікірдің мәтінін енгізу қажет. Сондай-ақ #отандасыңдыоқы және #читайказахстанское хэштегтерін белгілеу керек.

3. Электронды поштаға жіберілген барлық рецензиялар мен пікірлер де «Полифония» әдеби фестивалінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында #отандасыңдыоқы және #читайказахстанское хэштегтерімен жарияланады.

**Бағалау және қорытынды:**

1. Жұмыстар 2016 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.

2. Байқау қортындысы 2016 жылдың 2 желтоқсанында жарияланады.

3. Байқау финалистерінің барлығы Букмейт электронды кітапханасына ([www.bookmate.com](http://bookmate.com)) бір жылдық тегін жазылымға ие болады, сондай-ақ Алматы қаласында 2016 жылдың желтоқсан айында өтетін әдеби сын жөніндегі семинарға шақыру алады (өкінішке орай жоба ұйымдастырушылары өзге қала тұрғындарының жол жүруі мен жатып-тұруын ақшалай қамтамасыз ете алмайды). Байқаудың екі жеңімпазына бас жүлде – Samsung планшеттері.

**Байқау әділқазыларының қатарында қазақстандық және шетелдік әдеби сыншылар болады.**

*Рецензия – белгілі-бір шығарма, спектакль, фильм жайлы пікір (С.И. Ожегов түсіндірме сөздігі)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/otandasy-dy-o-y-zhobasyny-ayasynda-y-recenziyalar-bay-auy-721117](https://yvision.kz/kk/post/otandasy-dy-o-y-zhobasyny-ayasynda-y-recenziyalar-bay-auy-721117)