---
title: "Осы жылдың ауыр қылмыстары"
description: "Қазақстанда соңғы жылдары ауыр қылмыстардың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалды. Мәселен, 2013 жылы..."
author: "DaniyaKuzembaeva"
published: "2014-04-22T14:53:26+00:00"
modified: "2014-04-22T14:55:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/osy-zhyldy-auyr-ylmystary-410821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/osy-zhyldy-auyr-ylmystary-410821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Осы жылдың ауыр қылмыстары

> Қазақстанда соңғы жылдары ауыр қылмыстардың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалды. Мәселен, 2013 жылы...

***Қазақстанда соңғы жылдары ауыр қылмыстардың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалды. Мәселен, 2013 жылы оның көрсеткіші 14,7 % (******3 081-ден 2 629) қылмысқа*** ***төмендеді.*** ***Ал***, 2014 жылдың 3 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен. ***Бұл жайлы,*** ***ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі мәлім етті. Осылай******, еліміз 2014 жылдың 3 ай ішінде қылмыстылық оқиғаларға толы болды .***

- 2014 жылдың басы Қожағұловтар отбасы үшін қайғымен басталды. Бұған себеп, Алматыдығы такси жүргізушісі үйдегі 15 жасар кенжесін 35мың теңге мен ұялы телефон үшін буындырып өлтірді. Жасөспірімнің өлі денесі 3-ші қаңтарда қаладан 20 шақырым жердегі Жетісу елді-мекені маңынан табылған. Сөйтсе, қызды такси жүргізушісі өз сөмкесінің бауымен буындырып, мәйітін су жағасына лақтырып кетіпті. Сондай-ақ, 36 жастағы Виталий Атапин бұған дейін 3 мәрте сотты болған. Соның бірінде қыз зорлағаны үшін түрмеде отырып келгені белгілі болды.

- Қайғылы оқиғаны сонымен қатар, Шымкенттегі 16 жасар Рамазан Ілесбековтың отбасысы басынан кешті. Қысқы демалыста Қытайдан туған жеріне оралған бозбала, колледжде оқитын достарымен кездесуге келген. Қаланың қақ ортасында топ болған студенттерге кенеттен Тойота Карина көлігінен оқ жаудырылған еді. Алты күдіктілердің барлығы осындағы технологиялар колледжінің 3-курс студенттері.Ішкі істер қызметіндегілердің айтуы бойынша, колледждегі екі топтың арасында жанжал туып, арты атысқа ұласқан. Қаза тапқан Рамазанның денесі қаңтар айының ортасында, жер қойнына тапсырылды.

- Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 27 жасар тасжүрек ана туған 4 баласын 1,5 млн теңгеге сатып жіберген. 2011 жылы күйеүімен ажырасып, балаларын асырай алмағандықтан, 2 ұлын және 2 қызын ауқатты отбасыларға небәрі 30-40 мыңнан сатқан. Сондай-ақ, күдікті ананың 6 айлық балаға жүкті. Осыған қарамастан, балаларды сатуға көмектесіп, кәсіп қылған екеуіне адам сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Ақпан айының басында, Жамбыл облысында есірткіні ірі көлемде есірткі тасымалдаған Қырғызстан азаматы ұсталды. Күдіктіні тәртіп сақшылары жарты ай аңдығаннан кейін, бергі бетке есірткі алып өткенде қолға түсірді. Тінту жасау барысында, сапасы жоғары 15 кг героин табылды. Полицийлердің айтуынша, шекараны бұзып, героин Ауғанстаннан Ресейге жеткізілмек мақсатында болған.

- Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған келесі сұмдық оқиғалардың бірі,12 жасар қызын зорлап жүкті әке 16 жылға сотталды. Тек араға 6 ай салып, жеткіншектің ішіндегі баласы бес айлық болған кезде қылмыс ашылып отыр. Онда да анасы емес, мән-жайды бірінші болып мектептегі медбике біліпті. 39 жастағы Бәйдібек ауданының тұрғыны жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Азғын әкенің артында 6 бүлдіршінмен 7-сіне жүкті әйелі қалды.

- Батыс Қазақстан облысында, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев Toyota Camry автокөлігімен үш адамды қағып кетті. Белгілі болғандай, Бірәлиев сол күні моншадан шығыпты. Масаң шенеунік жаяулатып келе жатқан Күнзада Шағатаева мен оның 9 жастағы қызы Әйгерімді және Айсұлу Сәбитованы қаққан. Онымен қоймай әкімнің орынбасары оқиға орнынан ізін суытады.Алайда, белгілі болғандай, жапа шеккен азаматтар шенеунікке кешірім жасапты. Демек, Абзал Бірәлиев қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Осы оқиғадан кейін, 8-сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев өз еркімен қызметінен кеткен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/osy-zhyldy-auyr-ylmystary-410821](https://yvision.kz/kk/post/osy-zhyldy-auyr-ylmystary-410821)