---
title: "Қостанайлық жасөспірім сүйіктісімен ұрсысып, Астанаға..."
description: "\"Қызымен ұрысып қалған\". Қостанай облысында полицейлер жасөспірімді ата-анасына қайтарып берді. 10 наурызда 16 жасар қостанайлық ата-анасына досының үйіне түнеуге барғанын айтты. Кешкі сағат 10 шамасында ватсапп арқылы ол өзінің сүйіктісімен..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-11T09:44:22+00:00"
modified: "2024-03-11T09:44:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanayly-zhas-spirim-s-yiktisimen-rsysyp-astana-a-attan-an-1002112"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanayly-zhas-spirim-s-yiktisimen-rsysyp-astana-a-attan-an-1002112/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанайлық жасөспірім сүйіктісімен ұрсысып, Астанаға...

> "Қызымен ұрысып қалған". Қостанай облысында полицейлер жасөспірімді ата-анасына қайтарып берді. 10 наурызда 16 жасар қостанайлық ата-анасына досының үйіне түнеуге барғанын айтты. Кешкі сағат 10 шамасында ватсапп арқылы ол өзінің сүйіктісімен...

*"Қызымен ұрысып қалған". Қостанай облысында полицейлер жасөспірімді ата-анасына қайтарып берді.* 10 наурызда 16 жасар қостанайлық ата-анасына досының үйіне түнеуге барғанын айтты. Кешкі сағат 10 шамасында ватсапп арқылы ол өзінің сүйіктісімен татуласу үшін Астанаға бара жатқанын жазған. Алаңдаған ата-анасы бірден полицияға қоңырау шалды. Қостанай облысы ПД кезекшісі "Қостанай - Әулиекөл - Сұрған" автожолында мобильді пост қою туралы шешім қабылдады. Октябрь ауылының жанында Әулиекөл ауданының патрульдік полицейлері Альфард автокөлігін тоқтатты. Оның салонында 16 жасар жігіт болды. Полиция жасөспірімді ата-анасына аман-есен қайтарып берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanayly-zhas-spirim-s-yiktisimen-rsysyp-astana-a-attan-an-1002112](https://yvision.kz/kk/post/ostanayly-zhas-spirim-s-yiktisimen-rsysyp-astana-a-attan-an-1002112)