---
title: "Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды"
description: "Қостанай ОТД құрылымдық бөлімшелеріне жаңа автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты шарасы болы..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2013-12-11T06:03:38+00:00"
modified: "2013-12-11T06:06:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-otd-20-zha-a-avtok-lik-satyp-aldy-389113"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-otd-20-zha-a-avtok-lik-satyp-aldy-389113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды

> Қостанай ОТД құрылымдық бөлімшелеріне жаңа автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты шарасы болы...

**Қостанай ОТД құрылымдық бөлімшелеріне жаңа автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты шарасы болып өтті.**

Қостанай ОТД **бас директоры Қажымұрат Темірхановтың айтуынша,** автокөліктерді жаңарту байланысшылардың кәсіпорындағы өндірістік үдерістің сапасын арттыру және абоненттерге қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында сатып алынды. «Телекоммуникация желілерінің жұмыс істеу тиімділігі қызметкерлеріміздің жедел әрі сапалы қалпына келтіруіне байланысты. Сондықтан біз оларды жаңа жаңа көліктермен қамтамасыз еттік», - деді ол.

![Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/N12hEng4rU2LC78GH4993QR049eVz8.jpg)

Шалғай аудандардағы қызметкерлердің жұмысындағы ауа райы және жол қатынастыры ескеріліп, оларға жүру мүмкіндігі жоғары SsangYong Action Sports, УАЗ-390945 және ВАЗ-21041 автокөліктері сатып алынды.

![Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/97V5396Inzg5zs9Hv1d6f3565FngUM.jpg)

Рудный қалалық телекоммуникация торабының директоры Василия Заболотьконың айтуынша, ауа райына қарамастан мамандар ақауларды қалпына келтіру үшін жедел жұмыс сапарларына шығады. «Автокөліктің сенімді болуы біздің жұмысымызда өте маңызды. Сапалы көлікте біз қысқа уақытта шалғайда орналасқан объектілерге жетіп мәселелерді шешетін боламыз.», - деді ол.

![Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/0jK2S9M7EDV6HxK0gJWdO74qvcFX38.jpg)

«Енді шалғай жерлерде орналасқан елді мекендерге жаңа көліктерде жететін боламыз. Басшылықтың бізге деген қамқорлығы бізді енді бұдан да жақсы жұмыс істеуге міндеттейді», - деп Таран аудандық телекоммуникация торабының бастығы Сәкен Ысқақов қуанышымен бөлісті.

Сонғы 3 жыл ішінде Қостанай ОТД-да автокөлік шаруашылығы қарқынды түрде жаңартылды, бұл өндірістік көрсеткіштердің жақсаруына көмегін тигізеді.

![Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/NBEDgH8e9Eguyao7si8ISvxf3MfW2v.jpg)

![Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/SwC69y3z5j92f5VUGifqINL4uO8h55.jpg)

![Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/EaBJ5Z3U0ZuGeGmkCSnVES688NmW1M.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-otd-20-zha-a-avtok-lik-satyp-aldy-389113](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-otd-20-zha-a-avtok-lik-satyp-aldy-389113)