---
title: "«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ көшпелі қоғамдық қабылдауының азаматтарды қабылдауына..."
description: "«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ көшпелі қоғамдық қабылдауының азаматтарды қабылдауына қа..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-04-16T05:11:39+00:00"
modified: "2021-04-16T05:11:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysyny-k-sipoda-ortaly-y-akb-k-shpeli-o-amdy-abyldauyny-azamattardy-abyldauyna-931144"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysyny-k-sipoda-ortaly-y-akb-k-shpeli-o-amdy-abyldauyny-azamattardy-abyldauyna-931144/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ көшпелі қоғамдық қабылдауының азаматтарды қабылдауына...

> «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ көшпелі қоғамдық қабылдауының азаматтарды қабылдауына қа...

«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ көшпелі қоғамдық қабылдауының азаматтарды қабылдауына қатысу

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде "Золотой колос" МҮ-де "Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы" АКБ көшпелі қоғамдық қабылдауында Қостанай ауданының мәдениет қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен азаматтарды қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдау жұмысына "Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы И.П. Аронова, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары И. Е. Бекмұхамедов, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Л. А. Успанова, Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитеті департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.Қ. Сатаева, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Д.С. Қарабаев қатысты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен негізгі мәселелер мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, хореографтар мен мәдени ұйымдастырушыларға санаттар үшін қосымша ақы төлеу, типтік штаттар мен лауазымдар тізілімі мен мамандардың біліктілік талаптарына қайшы келу, санатты ескерусіз басшы лауазымдарға жалақы есептеу, сондай-ақ зейнетақы заңнамасы болды.

Департамент басшысының орынбасары А.Сатаева зейнетақы жинақтарын пайдалану, ерікті зейнетақы жарналарын аудару мүмкіндігі, инфляцияны ескере отырып зейнетақы жинақтарын түзету, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы, зейнетақы жасына жеткен адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мөлшерін есептеу тәртібі мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

Барлық жүгінушілерге қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді.

***

Участие в приеме граждан выездной общественной приемной ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области»

15 апреля текущего года в ДК «Золотой колос» выездной общественной приемной ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области» проведен прием граждан с членами первичных профсоюзных организаций работников культуры Костанайского района.

В работе общественной приемной приняли участие И.П. Аронова - председатель территориального объединения профсоюзов «Профсоюзный центр Костанайской области», И.Е. Бекмухамедов - заместитель акима Костанайского района, Л.А. Успанова - заместитель руководителя Управления культуры акимата Костанайской области, А.К. Сатаева - заместитель руководителя по социальным вопросам Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области, Д.С. Карабаев- руководитель общественной приемной ТОП «Профсоюзный центр Костанайской области.

Основные вопросы, поступившие в общественную приемную, касались повышения заработной платы работников культуры, доплаты за категории хореографам и культорганизаторам, противоречии типовых штатов и реестра должностей и квалификационных требований специалистов, начисление заработной платы руководящим должностям без учета категории, а также пенсионного законодательства.

Заместитель руководителя департамента А.Сатаевой были даны разъяснения по вопросам использования пенсионных накоплений, возможности перечисления добровольных пенсионных вносов, корректировки пенсионных накоплений с учетом инфляции, сохранности обязательных пенсионных взносов, порядка расчета размеров выплат из ЕНПФ лицам, достигшим пенсионного возраста.

Всем обратившимся были даны разъяснения в рамках действующего законодательства.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysyny-k-sipoda-ortaly-y-akb-k-shpeli-o-amdy-abyldauyny-azamattardy-abyldauyna-931144](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysyny-k-sipoda-ortaly-y-akb-k-shpeli-o-amdy-abyldauyny-azamattardy-abyldauyna-931144)