---
title: "Қостанай облысында жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар кеміді"
description: "Биылғы жылдың 4 айында Қостанай облысында жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар са..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-23T03:54:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:56:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zhem-orly-pen-baylanysty-y-b-zushyly-tar-men-ylmystar-kemidi-524329"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zhem-orly-pen-baylanysty-y-b-zushyly-tar-men-ylmystar-kemidi-524329/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар кеміді

> Биылғы жылдың 4 айында Қостанай облысында жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар са...

Биылғы жылдың 4 айында Қостанай облысында жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар саны 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 64 пайызға кеміді, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметтері бойынша, Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар саны оңды өзгеріске ұшырауда.

Мысалы, биылғы жылдың 4 айында жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың саны 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 64 пайызға кеміді, яғни 28-ден 10 жағдайға дейін азайды. Олардың арасында жергілікті атқарышу органдардың лауазым иелері жасалған заң бұзу әрекеттері 5 рет орын алды.

Осы уақыт аралығында Ішкі істер департаментінің қызметкерлері екі жемқорлық әрекеттеріне жол берген. Өткен жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 14-ті құраған, оралардың арасында 7-уі жергілікті атқарушы органдар тарапынан орын алды. Қалған 7 қылмысты өзге орган өкілдері жасаған.

Осы уақытта облыстың құқықтық статистика органдары 31 адамды құқықтық есепке қойды, жемқорлық әрекеттері үшін тәртіптік жазаға тартылған азаматтар саны өткен жылдың сәйкес мерзімінде 37-ні құраған, яғни 16 пайызға кему бар.

Құқықтық статистика мәліметтері бойынша, аталған мерзімде қылмыстық іздестіру органдары тарапынан 166 жемқорлық әрекеттері анықталған, өткен жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 87 болған. Аталмыш көрсеткіштің өсімі жаңа қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнама мен Сотқа дейінгі тексерулердің тізіміне байланысты. Осы тізімде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша істер қозғалып, олардың тек бірқатары ғана сотқа жетеді. Мұндай оң өзгерістер еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болуға лайық. Қостанай облысы құқық қорғау органдары бұл жетістікпен тоқтап қалуға мүдделі емес, олар бұл көрсеткішті жақсартуға мүдделі.

«Сонымен қатар, жылдың жартысында облыстық соттардың 19 азаматқа қатысты шешімі күшіне енді. Олардың барлығы жемқорлықпен байланысты қылмыстар жасады. Өткен жылы бұл меже 36 болған»,-делінген хабарламада. Мұндай оң өзгерістер еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болуға лайық. Қостанай облысы құқық қорғау органдары бұл жетістікпен тоқтап қалуға мүдделі емес, олар бұл көрсеткішті жақсартуға мүдделі.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24101/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zhem-orly-pen-baylanysty-y-b-zushyly-tar-men-ylmystar-kemidi-524329](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zhem-orly-pen-baylanysty-y-b-zushyly-tar-men-ylmystar-kemidi-524329)