---
title: "Қостанай облысында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар өтуде"
description: "Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикал..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-04-22T04:55:07+00:00"
modified: "2019-04-22T04:55:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zha-a-emle-rylymy-men-mazm-ny-atty-respublikaly-seminar-tude-830939"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zha-a-emle-rylymy-men-mazm-ny-atty-respublikaly-seminar-tude-830939/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар өтуде

> Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикал...

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылы 18-19 сәуірде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетте «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты семинар өткізуде, 18 сәуірде аталған семинарға «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің қызметкері Ә.Е. Төлепова қатысты.

Семинарда баяндамамен: Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е. Мендекинова, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл -Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Г.М. Мамырбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы және диалектология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Д.М. Пашан, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл -Қазына» ұлттық-ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технология және сараптама басқармасының қызметкері С.Е. Қабылов сөз сөйледі. Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты - латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау. Дәріс барысында тыңдаушыларға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Аталмыш дәрісте тыңдаушылар өзіндік сауалдары мен пікірлерін ортаға сала отырып, латын әліпбиі бойынша білімін жетілдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zha-a-emle-rylymy-men-mazm-ny-atty-respublikaly-seminar-tude-830939](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-zha-a-emle-rylymy-men-mazm-ny-atty-respublikaly-seminar-tude-830939)