---
title: "Қостанай облысында техника өртеніп кетті"
description: "Қостанай облысында өрт сөндірушілер алапат отпен арпалысты. Аталған облыстың Қамысты ауылында қойма өртенген. Қоймада есептен шығарылған техника болыпты. Қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар өртті сөндірді. Қаза тапқандар жоқ...."
author: "orazali"
published: "2024-05-27T03:27:09+00:00"
modified: "2024-05-27T03:27:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-tehnika-rtenip-ketti-1004996"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-tehnika-rtenip-ketti-1004996/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында техника өртеніп кетті

> Қостанай облысында өрт сөндірушілер алапат отпен арпалысты. Аталған облыстың Қамысты ауылында қойма өртенген. Қоймада есептен шығарылған техника болыпты. Қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар өртті сөндірді. Қаза тапқандар жоқ....

Қостанай облысында өрт сөндірушілер алапат отпен арпалысты.

Аталған облыстың Қамысты ауылында қойма өртенген. Қоймада есептен шығарылған техника болыпты. Қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар өртті сөндірді. Қаза тапқандар жоқ.

Оттың тұтану себебі анықталып жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-tehnika-rtenip-ketti-1004996](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-tehnika-rtenip-ketti-1004996)