---
title: "Қостанай облысында су басқан үйлер құлай бастады"
description: "Қостанай облысындағы ауылдарда қатты тасқын болып, су үйлерге дейін кіріп кеткен. Бір тұрғын таратқан бейнежазбада тіпті үйлердің қирай бастағаны айтылады. «Машина, бәрі... (суда қалды). Үй опырылып құлап түсті. Мына көрші үй бітті, бәрі бітті. Үй..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-28T06:34:44+00:00"
modified: "2024-03-28T06:34:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-su-bas-an-yler-lay-bastady-1002748"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-su-bas-an-yler-lay-bastady-1002748/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында су басқан үйлер құлай бастады

> Қостанай облысындағы ауылдарда қатты тасқын болып, су үйлерге дейін кіріп кеткен. Бір тұрғын таратқан бейнежазбада тіпті үйлердің қирай бастағаны айтылады. «Машина, бәрі... (суда қалды). Үй опырылып құлап түсті. Мына көрші үй бітті, бәрі бітті. Үй...

Қостанай облысындағы ауылдарда қатты тасқын болып, су үйлерге дейін кіріп кеткен.

![Қостанай облысында су басқан үйлер құлай бастады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/9501c04ee12e056ac2c59e23c1eb4e.jpg)

Бір тұрғын таратқан бейнежазбада тіпті үйлердің қирай бастағаны айтылады.

«Машина, бәрі... (суда қалды). Үй опырылып құлап түсті. Мына көрші үй бітті, бәрі бітті. Үй қалған жоқ ауылда. Дал-далы шықты бәрі», - дейді видео авторы.

«Қостанай облысының тұрғындары үйлерін, тіпті тұтас елді мекенді су басып жатқанын көрсететін видеоларын таратып жатыр.

Олардың екі сұрағы бар: бұл апаттың алдын алуға болмас па еді және осының бәрін енді кім қалпына келтіреді?

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желіде зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетіні туралы жазды.

«Су тасқынынан келтірілген шығынды анықтау үшін комиссия құрылды, барлық шығын өтеледі» деп мәлімдеді ол», – деп жазады https://t.me/sputnikKZ .

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-su-bas-an-yler-lay-bastady-1002748](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-su-bas-an-yler-lay-bastady-1002748)