---
title: "Қостанай облысында белгісіз себептермен 100 киік мерт болды"
description: "ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері 11 мамыр күні Қостанай обл..."
author: "msh"
published: "2015-05-12T01:04:54+00:00"
modified: "2015-05-12T01:04:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-belgisiz-sebeptermen-100-kiik-mert-boldy-500565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-belgisiz-sebeptermen-100-kiik-mert-boldy-500565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында белгісіз себептермен 100 киік мерт болды

> ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері 11 мамыр күні Қостанай обл...

![Қостанай облысында белгісіз себептермен 100 киік мерт болды](https://storage.yvision.kz/images/user/msh/UGU76KsukRp4P8P7ctdQa4oyaHy2S3.jpg)

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері 11 мамыр күні Қостанай облысы Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапты. Қазіргі таңда өлген киіктердің нақты саны және жаппай мерт болу себептерін анықтау мақсатында сараптама жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігі, ТЖ департаменті, табиғат қорғау прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен ветеринариялық қызмет хабардар етілді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі +7 (7172)55-57-65 E:minagripress@gmail.com W: www.minagri.gov.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-belgisiz-sebeptermen-100-kiik-mert-boldy-500565](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-belgisiz-sebeptermen-100-kiik-mert-boldy-500565)