---
title: "Қостанай облысында бас есепші 6 жыл бойы өз атына..."
description: "Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы тексеру барысында лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Фото: tengrinews.kz Осылайша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-30T12:50:02+00:00"
modified: "2024-05-30T12:50:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-bas-esepshi-6-zhyl-boyy-z-atyna-za-syz-a-sha-audaryp-otyr-an-1005154"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-bas-esepshi-6-zhyl-boyy-z-atyna-za-syz-a-sha-audaryp-otyr-an-1005154/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында бас есепші 6 жыл бойы өз атына...

> Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы тексеру барысында лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Фото: tengrinews.kz Осылайша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне...

*Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы тексеру барысында лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/2fd3496d958b18aa0be096ae09bc77.jpg)

*Фото: tengrinews.kz*

Осылайша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

**Қарабалық ауданының прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-bas-esepshi-6-zhyl-boyy-z-atyna-za-syz-a-sha-audaryp-otyr-an-1005154](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-bas-esepshi-6-zhyl-boyy-z-atyna-za-syz-a-sha-audaryp-otyr-an-1005154)