---
title: "Қостанай облысында 18 шақырым жол қалпына келтірілді"
description: "Биылғы жылы Қостанай облысында көлік инфрақұрылымын дамыту 27,6% өсіп, 36,7 млрд. теңге бөлінді. Мұн..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-11-28T15:56:32+00:00"
modified: "2018-11-28T15:56:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-18-sha-yrym-zhol-alpyna-keltirildi-820517"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-18-sha-yrym-zhol-alpyna-keltirildi-820517/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысында 18 шақырым жол қалпына келтірілді

> Биылғы жылы Қостанай облысында көлік инфрақұрылымын дамыту 27,6% өсіп, 36,7 млрд. теңге бөлінді. Мұн...

Биылғы жылы Қостанай облысында көлік инфрақұрылымын дамыту 27,6% өсіп, 36,7 млрд. теңге бөлінді. Мұндай қомақты инвестициялар аймақтағы 18,4 км жолды қалпына келтіруге мүмкіндік берді, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

«Қоғамның әл-ауқатының маңызды факторы тұрғын үй жағдайын қамтамасыз ету болып табылады, оның бірі көлік инфрақұрылымын дамыту, ағымдағы жылы 36,7 млрд теңге көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, нәтижесінде сала 27,6% ұлғайған. Нәтижесінде 18,4 км жол жөнделді, 26,4 км түбегейлі жөнделді, 441 км орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Сондай-ақ, облыстың барлық аудандары мен қалаларының жолдары мен көшелері жөнделді», - деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі Қостанай облысының автожолдарының желісі еліміздегі ең ұзын жол екенін айтты, және оның ұзындығы 9,3 мың километрден асады, оның 85% -ы жергілікті жолдар (Шығыс Қазақстаннан Қазақстан бойынша екінші орын - 11,9 мың км).

Бұдан басқа, Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласы әуежайының жалпы құны 8,0 млрд. теңге болатын ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-18-sha-yrym-zhol-alpyna-keltirildi-820517](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysynda-18-sha-yrym-zhol-alpyna-keltirildi-820517)