---
title: "Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері"
description: "2018 жылы 6 желтоқсанда сағат 9.30-да Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі орынбасары..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2018-12-24T08:53:07+00:00"
modified: "2018-12-24T08:53:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysy-kimdigi-zhanynda-y-m-gedekterdi-o-altu-zh-ne-o-am-a-kiriktiru-m-seleleri-822414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysy-kimdigi-zhanynda-y-m-gedekterdi-o-altu-zh-ne-o-am-a-kiriktiru-m-seleleri-822414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері

> 2018 жылы 6 желтоқсанда сағат 9.30-да Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі орынбасары...

2018 жылы 6 желтоқсанда сағат 9.30-да Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі орынбасары Марат Қонысбайұлы Жүндібаетың өкілеттігімен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңес өтті.

Мынадай мәселелер қарастырылды:

1. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 - 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы

Ақпарат берді: Әбенова Гүлнар Таубайқызы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;

Бекенов Болат Қажабайұлы, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары;

Ещанов Санаш Сағандықұлы, «Рудный қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ төрағасы.

2. Инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту нәтижелері туралы

Ақпарат берді: Каткенов Құсайын Амангелдіұлы, білім басқармасының басшысы.

3. Мүгедектіктің жай-күйі және мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Ақпарат берді: Мұратбеков Мұрат Тлемісұлы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysy-kimdigi-zhanynda-y-m-gedekterdi-o-altu-zh-ne-o-am-a-kiriktiru-m-seleleri-822414](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-oblysy-kimdigi-zhanynda-y-m-gedekterdi-o-altu-zh-ne-o-am-a-kiriktiru-m-seleleri-822414)