---
title: "Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында өткен кездесу туралы"
description: "2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа..."
author: "dadgsipk"
published: "2015-04-01T06:28:58+00:00"
modified: "2015-04-01T06:28:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-memlekettik-pedagogikaly-institutynda-tken-kezdesu-turaly-487281"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ostanay-memlekettik-pedagogikaly-institutynda-tken-kezdesu-turaly-487281/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында өткен кездесу туралы

> 2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа...

![Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында өткен кездесу туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/dadgsipk/USIxjY11A8oXlS0C698etDLdGL46rw.jpg)

2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Іскендіров Асхат және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бөлімінің консультанты Орынтай Қанат Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтының студентерімен кездесу өткізді.

Бұл кездесудің мақсаты студентерге яғни болашақ мамандарға сыбайлас жемқорлық туралы түсінікті жеткізу, олардың көзқарасы және сыбайлас жемқорлық жағдайына қарай қалай әрекет етуі керектігі туралы ақпараттандыру. Шараға қатысқан студенттердің ішінде Утетлеуова Аягөз, Тулыбаева Эльмира, Даниялова Әйгерім, Сүлейменова Айда және т.б. өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып толыққанды жауап алды. Кездесу соңында Институттың Жастар ісі жөніндегі комитетінің басшысы Дүйсеков Олжас сөз алып мұндай сипаттағы кездесуді одан әрі дамытып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында дебат турнирін ұйымдастыруды ұсынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ostanay-memlekettik-pedagogikaly-institutynda-tken-kezdesu-turaly-487281](https://yvision.kz/kk/post/ostanay-memlekettik-pedagogikaly-institutynda-tken-kezdesu-turaly-487281)