---
title: "Қош келдің, Әз-Наурыз!"
description: "«Қош келдің, Әз-Наурыз!» Өскеменде осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдары арас..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-03-21T09:47:28+00:00"
modified: "2012-03-21T09:47:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/osh-keldi-z-nauryz-241676"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/osh-keldi-z-nauryz-241676/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қош келдің, Әз-Наурыз!

> «Қош келдің, Әз-Наурыз!» Өскеменде осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдары арас...

«Қош келдің, Әз-Наурыз!» Өскеменде осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдары арасында байқау өтті.

Мерекелік шара ақ тілек айтып, үлкеннің батасын алудан басталды. Одан кейін, шараға қатысушылар үш номинация бойынша сайысқа түсті. Әр ұйым ұлттық тағам әзірлеп, салт-дәстүр және ұлттық киімнің үлгілерін көрсетті. Дастарханға Наурыз көжеден бастап, тағамның түр-түрі қойылды. Әсіресе, салт-дәстүрлер номинациясы сайыстың сәнін келтірді. Бұл орайда, ақжаулықты әжелер алда болды. Олар жас келінге перзентті болған соң, кимешек кигізу салтын орындады. Жастарға осы дәстүрдің мән-мағынасы және маңызы жайлы әңгімелеп берді.

**Нұржамал Абдулина, «Қазына» Көркемөнерпаздар ұжымының мүшесі:**

*Кимешек кигізу деген, келін бір балалы болғаннан кейін, отауымның жоғы түгенделді, ортасы толды, жал-құйрығы күлтеленді деп, разы болған ата-анасы бала кішкене қара құлақ болғаннан кейін келінге кимешек кигізеді екен. *

** **

**Түсіпхан Түсіпбеков, «Нұр Отан» ХДП Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:**

*Біздің өзіміздің салт-дәстүрімізді, көптеген мәдени дүниелерімізді жастардың бойына, санасына сіңіру ғой. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты осы.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/osh-keldi-z-nauryz-241676](https://yvision.kz/kk/post/osh-keldi-z-nauryz-241676)