---
title: "Қош көрдік,Ювике!"
description: "Уақыт...Зымырайды,әттең!Қуып жете алмай келемін.Мәңгілік бұл қозғалысты аз да болса шамалы басқара а..."
author: "ZhaiAdam"
published: "2017-05-09T07:31:04+00:00"
modified: "2017-05-09T07:31:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/osh-k-rdik-yuvike-766143"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/osh-k-rdik-yuvike-766143/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қош көрдік,Ювике!

> Уақыт...Зымырайды,әттең!Қуып жете алмай келемін.Мәңгілік бұл қозғалысты аз да болса шамалы басқара а...

Уақыт...Зымырайды,әттең!Қуып жете алмай келемін.Мәңгілік бұл қозғалысты аз да болса шамалы басқара алсам ғой,шіркін!Есейгенім болу керек,"көзді ашып-жұмғанша уақыт өтеді де,кетеді" дегенді енді түсініп жатырмын.Мектепте оқып жүргенімде,жаз шықпайтындай,сабақ бітпейтіндей көрінетін.Қазір уақыт өзіне жеткізбей келеді.Оның қалай өткенін байқамайда қалдым.Амал жоқ,әрине,бұл құбылысқа қарсы келе алмайсың. Алайда...Уақыт жалғыз емес.Сағаттың тілшелерімен бірге менің де,сіздердің де уақыттарыңыз өтуде.Күнделікті минуттап,секундтап бұл өмір жылжи бермек.Келесі жаңа күн,сағаттардың сізге не дайындап тұрғанын кім білсін... Осы бір сәтте мен осылайша өз ойыммен бөлісем деп ойламаппын.Неге? не Кім үшін? деген сұрақтарға "өзім үшін" дегім келеді.Соңғы күндері(негізі баяғыдан) мені әртүрлі ойлар мазалайды,кейде солармен бөлісіп,ішкі шерімді тарқатқым келеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - осылайша құр сөзбен өзімнің де ,өзгенің де уақытын ұрлайтын болдым

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/osh-k-rdik-yuvike-766143](https://yvision.kz/kk/post/osh-k-rdik-yuvike-766143)