---
title: "«Қос шырақ, қоңыр әуен» концертін көріңіз"
description: "Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның ән кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыз..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-12T23:32:15+00:00"
modified: "2015-12-12T23:32:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/os-shyra-o-yr-uen-koncertin-k-ri-iz-667718"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/os-shyra-o-yr-uen-koncertin-k-ri-iz-667718/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қос шырақ, қоңыр әуен» концертін көріңіз

> Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның ән кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыз...

Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның ән кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыздар.

![«Қос шырақ, қоңыр әуен» концертін көріңіз](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/9M7cB30YTb73F8s80MO7Hl1jCfTr6u.png)

Оның ұстаздары Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосы­нов, Қанат Омарбаев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды тұлғалар. Ең алғаш оқуға түсерде де әншіні қазақтың біртуар әншісі Жәнібек Кәрменов қабылдап алған екен.

Мұны өзі: «Оқуға түскен соң Қайрат Байбосынов ағамыздың сыныбына түсіп, осы сыныпты аяқтап шықтым. ҚР Еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев та кәсіби әнші ретінде қалыптасуыма әсер етті. Кейіннен сахналық мәдениетке үйреткен ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов болды»,-деп еске алады.

Бүгін 15:05-те Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның «Қос шырақ, қоңыр әуен» атты ән кешін көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/os-shyra-o-yr-uen-koncertin-k-ri-iz-667718](https://yvision.kz/kk/post/os-shyra-o-yr-uen-koncertin-k-ri-iz-667718)