---
title: "Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат"
description: "Өткен аптаның демалыс күндері жолдасымыз екеуміз қала өмірінен демалу мақсатымен және ішкі туризмді ..."
author: "Barkorn"
published: "2011-08-11T02:55:29+00:00"
modified: "2011-08-11T03:23:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/os-aru-ayy-dy-men-k-lsay-a-sayahat-183754"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/os-aru-ayy-dy-men-k-lsay-a-sayahat-183754/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат

> Өткен аптаның демалыс күндері жолдасымыз екеуміз қала өмірінен демалу мақсатымен және ішкі туризмді ...

Өткен аптаның демалыс күндері жолдасымыз екеуміз қала өмірінен демалу мақсатымен және ішкі туризмді қолдау ойымызбен Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Қайыңды және Көлсай көлдеріне саяхат жасауға бел будық. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде Күнгей Алатауында орналасқан.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/0Y4GuJqn2605ySAN7xgee5xq85gE9y.jpg)

Алматыдан Цирктің маңынан жұма күні сағат кешкі тоғыздарға таман төменгі суреттегі автобуспен жолға шықтық.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/1zTSHj0sg7C6Adrs5jOD2xll0yI8E5.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/Gan7rftemZ3FFWGZNicpKV76ho3q05.jpg)

Жол көп уақыт алады. Қайыңды көлінің маңындағы Саты аулына түнгі сағат 3.30-да жеттік те, сол жердегі бір үйде орналастық. Бағдарлама бойынша, келесі күні Қайыңды көліне бару керекпіз.

Таңғы астан кейін бізді осы автобус көлге қарай апаратыны белгілі болды.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/qcgT37Po0J7Yoh21y3T06F18BB1WH8.jpg)

Үйдегі Жолбарыс есімді күшік пен бұзаулар:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/a8419UtI6c81gZllniYs8vEhjhziXN.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/TCemEwNbAv9x016Lar4O8cjRGXP5lE.jpg)

Мен сурет түсіріп жүргенде, жолдасым автобустан маған орын алып қойыпты.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/xt7WkL5VV7v6Wg1l8e789UEMJxceC3.jpg)

Үйден көлге дейінгі жол 20 минут уақытты алады екен. Жолдар жаман, асфальтсыз жолмен төбеге қарай шығу керек. Бізді тұтқаларды мықты ұстап отыруымызды сұрады.

Сатыдан шығып бара жатқанымызда алыста мешітті байқап қалдым:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/7ztR6sPiJZ7pqpQFyPp3D2y2f84U71.jpg)

Ауыл шағын болғанына қарамастан, осында мәдениет үйі, емхана бар.

Біздің шыдамдылығымыз марапатталып, 20 минут жолдан кейін Қайыңдыға кіреберістегі экопостта тоқтадық:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/SkCxw4A9np680BLDF7sLfN36V38XIP.jpg)

Осы жерден көлге қарай көлік жүрмейді. Екі жол бар: иә жаяу жету керек, ия атпен жете аласың. Қуанышқа орай, атты жалға бере тұратын ат иелері осында көп екен. Жолдасым екеуміз бір-бір атқа отырып алдық.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/IrkZa638K6JC50KKuas22R5S2Zn1FH.jpg)

Төмен түскесін, Қайыңдының ортасында судан шығып тұрған батқан кемелердің діңгектеріне ұқсайтын құраған қарағайларды көрдік.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/bppX39Z698oB5cL7GI32sQnd4cBsBi.jpg)

Осы жерлерде JCS тобы өзінің "Сұлулық" өлеңіне клип түсірген деседі.

Қайынды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасырдан астам бұрын пайда болған.

Көлдің орналасуы оның суына түсуге ыңғайсыз - бірден терең болып кетеді. Оның есесіне, суы таулы болғандықтан, тастай суық. Бұл жердің кереметі - таза ауасы, самал желі және көлдің жанында орналасқан бұлақ.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/w25feK4maW72i41jv49nfce734wy80.jpg)

Суының тазалығы мен тәттілігі сонша, қанша ішсең де қанбайсың:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/TibGhB3Ua8Sk003Sm1u6p8gz1si9IV.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/b3lf0H6lGpfe0Jj9I0r66npzVAQXRz.jpg)

Әрине, жоғарыдағы сұлулықты көріп, оған анағұрлым жақын болғың келеді. Өкінішке орай, бұл жерде жалға берілетін қайық жоқ екен. Бірақ шешімі тез табыла қойды. Алысырақ жерде өз жолымен келген туристер демалып жатыр екен. Олардың үрлемелі резеңке қайығын көріп қалдық. Ортасына дейін жүзіп баруға сұрап едік, еш қиналмай бере салды.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/B5Tq3YYzq39F2bqpMsmk8HbcQ99PB8.jpg)

Жолымыз болды. Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырсақ болады. Біз топтан бөлініп, көлдің бастауына бет алдық. Ол үшін алдымен төбешікке көтеріліп, сосын түсу керек.

Төбеден Қайыңдының керемет панорамасы көрінеді. Төмендегі қайықта біз жаңа ғана жүзген болатынбыз:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/1pfmgcw19A5NX8V0loW3X8LtRNGme3.jpg)

Жол қысқа емес.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/J5xNj1RISruUtwLsGc4IYYmPWung9Z.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/u61fh7Nw7cG8TOCoFGB8X0xlRXcxYU.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/yNg7dn7620U0ZY4x9ehZY0eSzNinsH.jpg)

Астына жеткендегі көргенімізді сөзбен суреттеу қиын. Қаншалықты сұлу әрі керемет екенін өзіңіз қарап бағалай аласыз:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/7nM69N7p657eWkPdLhDNoM89wgj2Xr.jpg)

Осы жерде тұрып, төбемізде екі бүркіт ұшып өткенін көрдік. Мынау біздің атбегіміз Асхат есімді жігіт.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/GXKgOQQvC0trdxaN15i90Fbk9s4fvB.jpg)

Шынын айтсам, астына тек жолдасымыз екеуміз ғана түстік, ал таудың суына сүңгуге бүкіл топтан батылы жеткен тек өзім болдым:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/Av7t4p60tR8tC73MzAbHO8LYAol9f0.jpg)

Суының суықтығы сонша, сүйектен өтеді.

2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетіпті. Көлдің бүгінгі күнгі деңгейі бұрынғыға қарағанда 10 метрге төмендеген.

Қайтар жолда қайың тоғайына тоқталдық. Көлдің атауы осы ағаштармен байланысты.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/OMPVameolz3H875pN1z15a69457r1h.jpg)

Сөйтіп Саты ауылына қайта оралдық. Бірінші күніміз осылайша өтті.

Екінші күні таңғы астан кейін Көлсайға жол алдық. Оған дейін де автобуспен біраз жол жүру керек.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/xn78427G5KrppKFRl19o4586tjpYL3.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/HkGQigYWEY815sAKY9zT1HFYHY6aCx.jpg)

Жолда осындай қызық үйлерді көрдік. Жергілікті халық оларды "Избушки на курьих ножках" деп атайды екен.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/CM2hWE0V56bwvYdffYswjW44J39EzO.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/h9ED1Yn1WJ1p7e7WS9S5s5Ni74U9m5.jpg)

Көлсайдың суы Қайыңды суынан сәл ғана жылырақ, бірақ ішуге жарамсыз.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/7d1513oCxs67JAxQFOBwJ54GFmU33Q.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/vJf2cr0ZO25Wa8eoPBTHt47DABnzFL.jpg)

Осы жолмен ары жүрсең, эделвейс аталатын гүлдерді көруге болады. Бірақ оларды жұлуға рұқсат етілмейді.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/gBn91IG6s5hZD1Z748zktMecPflaTC.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/RDFGPkG4mBKVjV44GPazWrGFSFh9vE.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/zA56FSiE0ZQfGk7Av700OpcZf5lSbo.jpg)

Словакиядан келген қонақтар бір-бірлерін суретке түсіріп жатыр.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/bJs9VpdE9r9WC9QG7JIN8HXMnorMl1.jpg)

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/dfxqnMaCalXkpp9tgSnZB2XqmKhwrn.jpg)

Мен енді Алматыдағы Арбаттағы суретшілер тауларын қай жерде отырып салғанын білемін:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/fI2lw2nvBhqF2R2BCJ1D793q3700p3.jpg)

Атыраудан келген отбасының ұлы Ермұрат бізбен достасып үлгерді:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/ykw6Ji5b4AIZ8Ec3p452k043P44ISw.jpg)

Осымен саяхатымыз аяқталды. Алда жол бар, бірақ жолға шықпас бұрын, бізді екі күн бойы үйінде қонақжайлықпен күткен Ардақ тәтемен естелікке сурет:

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/BvXgRsyrm9bPVtqP6CxmTHKtina5m9.jpg)

Алматыға қайтар жолда Шарында тоқтадық.

![Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат](https://storage.yvision.kz/images/user/barkorn/R2jrkOgDgKUjQr1NHj5zCuh4Na4KqC.jpg)

Осындай сұлу орындарына бай ұлан-ғайыр жерді сақтап, бізге жеткізген ата-бабаларымызға тағзым етемін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/os-aru-ayy-dy-men-k-lsay-a-sayahat-183754](https://yvision.kz/kk/post/os-aru-ayy-dy-men-k-lsay-a-sayahat-183754)