---
title: "Орыс князі табанға неге табынды?"
description: "Кім шығарғанын, неге сүйеніп шығарғанын кім біліпті, әйтеуір кейбір оқығансымақтар «Тарих бәрін орн..."
author: "makala"
published: "2014-10-27T23:21:13+00:00"
modified: "2014-10-27T23:21:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orys-knyazi-taban-a-nege-tabyndy-436181"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orys-knyazi-taban-a-nege-tabyndy-436181/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орыс князі табанға неге табынды?

> Кім шығарғанын, неге сүйеніп шығарғанын кім біліпті, әйтеуір кейбір оқығансымақтар «Тарих бәрін орн...

![табын](http://anatili.kz/wp-content/uploads/%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BD-900x688.jpg)

Кім шығарғанын, неге сүйеніп шығарғанын кім біліпті, әйтеуір кейбір оқығансымақтар «Тарих бәрін орнына қояды» немесе «Тарих әділін бір күні өзі айтады» дегенді жиі қайталайды. Бұл әшейін, жұртты тыныштандыру үшін айтылатын басалқы сөз екеніне сол тарихқа көз жүгіртіп отырып-ақ аңғаруға әбден болады. Тарих ешуақытта ешнәрсенің әділін айтқан емес. Ол әр заманда, әр қоғамда мемлекетті, елді басқарып отырған адамдардың жүргізген саясатына сәйкес оңға да, теріске де бұрылып, бұрмаланып отыратынын көзіміз көріп отыр. Соның бір ғана мысалына туған еліміздің осы уақытқа дейін мектептер мен ЖОО-ында оқытылып келген тарих оқулықтарын алып қарасақ жетіп жатыр. Ол тарихта қазақтарға орыстың, яғни, Ресейдің 300 жылға жуық көрсеткен қорлық-зорлығының, қазақты тілінен, дінінен, ата-баба дәстүрінен айырудың небір сорақы шаралары, қазақ даласына, ауылдарына жасалған қаншама қанды қырғын мен қазақтардың оған қарсы жанкешті қарсылықтарының бірде-бірі айтылмайды. Қазақстан өзін Ресейден бостандық алдық, тәуелсіз ел болдық деп жариялаған 21 жылдың ішінде де әлі ол шындықты айтқан бірде-бір тарих оқулығы жазылған жоқ. Оның есесіне бүкіл тарих жоңғар шапқыншылығы деп аталатын өтірігі мен расы мидай араласып кеткен небір бұлдыр уақиғаларға толып тұр.

Әдетте әлсіз мемлекет өз ұлтының тарихын, өзін отарлап келген күші басым мемлекеттің ыңғайына жығылып, оны біресе тату-тәтті көршіміз деп, біресе бауырлас деп, біресе аға ұлт, ұлы ұлт деп жуып-шайып жазады. Ал күші басым империалист, колонизатор мемлекет өз тарихында өзін, өз ұлтын ең бір ержүрек, соғыста жеңілмейтін, ең білімді, ең ақылды, ең әділ, басқаларды жарылқаушы ұлы мемлекет, ұлы ұлт ретінде көрсетіп жазады. Мысалы, патшалы Ресей кезінде де, Кеңестік Ресей кезінде де тарих оқулықтарында орыс деген ұлт қазақты жабайылықтан жарыққа шығарған «великий русский народ» атанды.

Енді, міне, жақында Ресей президенті Путин орыс тарихының оқулықтарын түгел қайта жазуға, жаңаша бағытта жазуға пәрмен берді. Білетіндердің айтуынша, ендігі жазылатын орыс тарихы бойынша Ресей ешқашан татар-моңғолдардың қоластында болмаған, орыстар ешқашан соғыста жеңіліп көрмеген болып шығуы тиіс. Сонда өздері татар-моңғол деп аталатындардың табанында болған 300 жылға жуық уақытты Путин немен толтырыңдар деп отырғанын бір Құдай біледі. Бірақ бұл әрі надандық, әрі дөрекілік, әрі барып тұрған шовинистік, әрі өзге халықтарға күлкі болудан басқа ешнәрсе де емес. Тіпті мына бір суреттің өзі-ақ Ресейдің жаңа жазылмақшы тарихының біраз масқарасын шығаруға жетіп жатыр. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz)](http://mtdi.kz/component/content/article/4225-oris-kniazi-tabanga-nege-tabindy)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orys-knyazi-taban-a-nege-tabyndy-436181](https://yvision.kz/kk/post/orys-knyazi-taban-a-nege-tabyndy-436181)