---
title: "Саммит: Көршілік қатынастар мен ынтымақтастықтың нығаюы"
description: "Мемлекет басшысы Орталық Азия – Қытай форматын институттандыру бойынша ортақ жұмысқа оң баға берді. Стратегиялық серіктестік кеңейуде."
author: "akorda"
published: "2025-06-17T12:26:30+00:00"
modified: "2025-06-17T12:26:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortalyk-aziya-men-kytaydyn-strategiyalyk-yntymaktastygy-sammittegi-manyzdy-kezdesu-1014986"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortalyk-aziya-men-kytaydyn-strategiyalyk-yntymaktastygy-sammittegi-manyzdy-kezdesu-1014986/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Саммит: Көршілік қатынастар мен ынтымақтастықтың нығаюы

> Мемлекет басшысы Орталық Азия – Қытай форматын институттандыру бойынша ортақ жұмысқа оң баға берді. Стратегиялық серіктестік кеңейуде.

Президенттің пікірінше, бүгінгі Саммит елдеріміздің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін растады. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде «Орталық Азия – Қытай» форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ortalyk-aziya-men-kytaydyn-strategiyalyk-yntymaktastygy-sammittegi-manyzdy-kezdesu-1014986](https://yvision.kz/kk/post/ortalyk-aziya-men-kytaydyn-strategiyalyk-yntymaktastygy-sammittegi-manyzdy-kezdesu-1014986)