---
title: "Орталықта Байкерлер !"
description: "Орталықта Байкерлер ! Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығын Қазақстанға аты әйгілі байкер – Дмитир..."
author: "CRMI"
published: "2015-09-04T05:06:22+00:00"
modified: "2015-09-04T05:06:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortaly-ta-baykerler-536245"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortaly-ta-baykerler-536245/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орталықта Байкерлер !

> Орталықта Байкерлер ! Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығын Қазақстанға аты әйгілі байкер – Дмитир...

Орталықта Байкерлер !

Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығын Қазақстанға аты әйгілі байкер – Дмитирий Петрухин өз командасымен бірге, Қазақстан Республикасының туын мақтанышпен көкке ұстап, жолығып кетті.

Дмитрий темір тұлпарының үстімен бар-жоғы 8 жылдың ішінде әлемнің 150 елін шарлап шықты.

Ал қазірде байкер өз мотопробегін Қазақ хандығының 550-жылдығына арнап, Қазақстанның 5 қаласында болып қайтты.

Дмитрий Петрухиннің жас шамасы 50-ден асса да, ол өзінің алдына қойған мақсатына жетуге нық бел буып, әрі қарай үлкен белестерге жетуге дайын тұр. Былай алып қарасақ, ол әлі студент, әрине, докторантура болмақ, сонымен қоса күш жігерге толы оптимист.

Оның шарлауында бесінші болып белгіленген Павлодар қаласы болып шықты және мұнда Дмитрийде тек Жастарға қызмет көрсету орталығы ғана емес, сонымен бірге балалар үйі мен Павлодар ЖОО-сы кезекте тұр. Белгілі адаммен сөз алысуға көп кісі жиналды. Мұнда мотоспорт өкілдері қалай көрінсе, соншалықты автоспорт өкілдері де көзге түскен болатын және үкіметтік емес ұйымдар, студенттер сондай-ақ саяхатқа қызығушылық танытатын жастар.

Кездесу барысында мотоциклист бетпе-бет кездескен қызықты оқиғаларын айтып, саяхат кезінде түсіріп алған бейне-жазбаларын көрсетті. Соңында Дмитрий Павлодар қаласының әкімі Бакауов Болат Жұмабекұлына мотопробег туының көшірмесін салтанатты түрде сыйлады.

Салтанатты рәсімнен кейін әр адам 150 елдің бір бөлшегіне болсын қол тигізіп, тек байкер командасымен ғана суретке түсіп қоймай, онымен қоса темір тұлпардың үстіне мініп нағыз емін-еркін құс болып ұшу қандай екенін сезуіне де зор мүмкіндігі болды.

https://vk.com/album247480352_220147187

Орталықта Байкерлер !Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығын Қазақстанға аты әйгілі байкер – Дмитирий Петрухин өз командасымен бірге, Қазақстан Республикасының туын мақтанышпен көкке ұстап, жолығып кетті.Дмитрий темір тұлпарының үстімен бар-жоғы 8 жылдың ішінде әлемнің 150 елін шарлап шықты. Ал қазірде байкер өз мотопробегін Қазақ хандығының 550-жылдығына арнап, Қазақстанның 5 қаласында болып қайтты. Дмитрий Петрухиннің жас шамасы 50-ден асса да, ол өзінің алдына қойған мақсатына жетуге нық бел буып, әрі қарай үлкен белестерге жетуге дайын тұр. Былай алып қарасақ, ол әлі студент, әрине, докторантура болмақ, сонымен қоса күш жігерге толы оптимист. Оның шарлауында бесінші болып белгіленген Павлодар қаласы болып шықты және мұнда Дмитрийде тек Жастарға қызмет көрсету орталығы ғана емес, сонымен бірге балалар үйі мен Павлодар ЖОО-сы кезекте тұр. Белгілі адаммен сөз алысуға көп кісі жиналды. Мұнда мотоспорт өкілдері қалай көрінсе, соншалықты автоспорт өкілдері де көзге түскен болатын және үкіметтік емес ұйымдар, студенттер сондай-ақ саяхатқа қызығушылық танытатын жастар. Кездесу барысында мотоциклист бетпе-бет кездескен қызықты оқиғаларын айтып, саяхат кезінде түсіріп алған бейне-жазбаларын көрсетті. Соңында Дмитрий Павлодар қаласының әкімі Бакауов Болат Жұмабекұлына мотопробег туының көшірмесін салтанатты түрде сыйлады. Салтанатты рәсімнен кейін әр адам 150 елдің бір бөлшегіне болсын қол тигізіп, тек байкер командасымен ғана суретке түсіп қоймай, онымен қоса темір тұлпардың үстіне мініп нағыз емін-еркін құс болып ұшу қандай екенін сезуіне де зор мүмкіндігі болды. https://vk.com/album247480352_220147187

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ortaly-ta-baykerler-536245](https://yvision.kz/kk/post/ortaly-ta-baykerler-536245)