---
title: "Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтті."
description: "«Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы аса маңызды қоғамдық-саяси және діни іс-шара –әлемдік және дәс..."
author: "DinGovKz"
published: "2014-09-22T06:17:33+00:00"
modified: "2014-09-22T06:17:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortaly-kommunikaciyalar-yzmetinde-r-m-deniet-zh-ne-sport-vice-ministri-marat-zilhanovty-atysuymen-br-430645"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortaly-kommunikaciyalar-yzmetinde-r-m-deniet-zh-ne-sport-vice-ministri-marat-zilhanovty-atysuymen-br-430645/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтті.

> «Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы аса маңызды қоғамдық-саяси және діни іс-шара –әлемдік және дәс...

*«Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы аса маңызды қоғамдық-саяси және діни іс-шара –әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізетін орын болып отыр», - деп Марат Әзілханов баса айтты.*

Брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылғы 10-11 маусымында Астана қаласында «Бейбітшілік пен өркендеу үшін діни және саяси көшбасшылардың сұхбаты» тақырыбына өтетінін хабарлады.

Тақырып өзегіне бейбітшілік пен келісім қағидаларын сақтау идеялары, сондай-ақ барлық әлемдік қауымдастықтың өркендеуінің мықты және үйлесімді дамуының іргетасы алынған. Алда болатын V Съезд ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейтуге, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеруге бағытталады.

Брифинг шеңберінде Съезд қызметіне қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ortaly-kommunikaciyalar-yzmetinde-r-m-deniet-zh-ne-sport-vice-ministri-marat-zilhanovty-atysuymen-br-430645](https://yvision.kz/kk/post/ortaly-kommunikaciyalar-yzmetinde-r-m-deniet-zh-ne-sport-vice-ministri-marat-zilhanovty-atysuymen-br-430645)