---
title: "Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы"
description: "Негізі, саяхатшы деген әр нәрсеге мән беруі керек деп ойлаймын. Мысалы, Ресей саяхатшысы Варламов сә..."
author: "Fvfylsr"
published: "2019-04-05T11:51:31+00:00"
modified: "2019-04-05T11:56:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortaly-aziyada-y-a-ash-esikter-turaly-829837"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ortaly-aziyada-y-a-ash-esikter-turaly-829837/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы

> Негізі, саяхатшы деген әр нәрсеге мән беруі керек деп ойлаймын. Мысалы, Ресей саяхатшысы Варламов сә...

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/c22263122f7eba021a19b746073509.jpg)

Негізі, саяхатшы деген әр нәрсеге мән беруі керек деп ойлаймын. Мысалы, Ресей саяхатшысы Варламов сәулет ескерткіштері туралы жазатынын білемін, ал мен: "осы неге Орта Азиядағы ағаш есіктер туралы мәлімет бермеске?" деген пікірге келдім. Ресей суретшісі Верещагиннің Түркістан сериясынан "Двери Тимура (Тамерлана)" ("Темірланның есіктері") және "У дверей мечети" (Мешіт есігі алдында") деген картиналары естеріңізде шығар? Әрине, еліміздің оңтүстігінде және Өзбекстанда да ағаштан жасалған әдемі, өрнектелген есіктерді көрдім. Нағыз өнер туындылары деп санаймын.

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/3c0e685bc9dfeaef84f4831ed2313c.jpg)

Мысалы, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің есіктері қандай әдемі. Әрине, өзім көрген Самарқандтың, Ташкент пен Бұқараның есіктері де сондай көркем. Тәжікстанда да ағаш есіктер баршылық екен, жалпы, олардың ағаштан жасалған орындықтары, бөдене ұстауға арналған себеттері, ағаш аяқ киімдері мен ағаш тұғырлары, май шайқауға арналған ағаш күбілері, ағаш сандықтар, түбіт тарақтар және т.б. шеберліктің көрінісі деп баға беруге болады. Тағы бір қызығы Ислам діні енгенге дейінгі сәулет ескерткіштерінде крест (шармық) белгісі жүр. Бірақ, бұл енді христиан дініне қатысы жоқ деп ойлаймын. Тағы бір ескеретін нәрсе, кейінгі ағаштан жасалған дүниелердің бұрынғы, ескі заттардан айырмашылығы да жоқ. Бұны ұрпақ сабақтастығы деп қабылдадым! Қызық үшін, суреттерін де беріп отырмын! Бұл фотолар Гиссар қамалы мен Хулбук музей-қорығында түсірілген!

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/e45cfb9a47e85f8ce69ad7f14b73b5.jpg)

1-фото. Хулбук қорық-музейінің есіктері

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/830cc5f043c9780f51dd75d2fb9d6d.jpg)

2-фото. Гиссар қамалы есіктері (бұлар жаңа есіктер)

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/9f75c8b7d6c4ff596599fa8de91252.jpg)

3-фото. Гиссар қамалының ескі есіктері

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/190306d20ebfc769a9d87d6533e191.jpg)

4-фото. Гиссар қамалының ішкі есіктері

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/1099faae80c62544c88a41cf73541a.jpg)

5-фото. Гиссар қамалының кіре беріс есіктері

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/d02147222b5fc0d923899783d63e70.jpg)

6-фото. Гиссар қамалының ішіндегі тағы бір есік

![Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/fcaaad9214b06f00260b2f1f8a5945.jpg)

7-фото. Гиссар қамалы есіктерінің тағы бір түрі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ortaly-aziyada-y-a-ash-esikter-turaly-829837](https://yvision.kz/kk/post/ortaly-aziyada-y-a-ash-esikter-turaly-829837)