---
title: "«Орта жалақы алатын жас мемлекеттік қызметші парадан бас тарта ма?!»"
description: "2015 жылғы 19 мамырда ҚР МЕмлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-06-15T23:44:34+00:00"
modified: "2015-06-15T23:44:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orta-zhala-y-alatyn-zhas-memlekettik-yzmetshi-paradan-bas-tarta-ma-513649"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orta-zhala-y-alatyn-zhas-memlekettik-yzmetshi-paradan-bas-tarta-ma-513649/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Орта жалақы алатын жас мемлекеттік қызметші парадан бас тарта ма?!»

> 2015 жылғы 19 мамырда ҚР МЕмлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг...

2015 жылғы 19 мамырда ҚР МЕмлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшылығымен өткен брифинкте бастау алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны аясында, 2015 жылғы 26 мамырда Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында «Осы Кандидат - орта жалақы алатын, әйелі мен баласы бар жас мемлекеттік қызметші, парадан бас тарта ма?!» тақырыбында пікір сайысшылардың көрсетілім ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл төңірегіндегі мемлекеттік саясатты түсіндіру, оны жетілдірудің тетіктерін қарастыру, жастарда ар-намыс, жоғары моральды-этикалық нормалар мен құндылықтарды жандандыру, Отанымыздың болашағы үшін адал қызмет пен таза бәсекелестік қағидаттарын ұстануды дәріптеу болып табылады.

Ойын «Линкольн-Дуглас» нысанында өтіп, әр қатысушыға өз көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.

![«Орта жалақы алатын жас мемлекеттік қызметші парадан бас тарта ма?!»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/1hUkm3N4s1OCaovzv2C83I6lAYm4m3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orta-zhala-y-alatyn-zhas-memlekettik-yzmetshi-paradan-bas-tarta-ma-513649](https://yvision.kz/kk/post/orta-zhala-y-alatyn-zhas-memlekettik-yzmetshi-paradan-bas-tarta-ma-513649)