---
title: "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Инспекциясы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-11-17T23:57:11+00:00"
modified: "2015-11-17T23:57:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orman-sharuashyly-y-zh-ne-zhanuarlar-d-niesi-inspekciyasy-yzmetkerlerine-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-i-644557"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orman-sharuashyly-y-zh-ne-zhanuarlar-d-niesi-inspekciyasy-yzmetkerlerine-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-i-644557/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Инспекциясы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **25 қыркүйегінде** орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Маңғыстау облысы бойынша аумақтық Инспекциясында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** қызметкерлерге іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департамент өкілі «Кешенді құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік басқарудың реформасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Этика және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» атты тақырыптарда дәріс оқыды.

Іс-шара барысында Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының өкілі **Досбол Меделов** «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының талаптарына түсіндірме жүргізді.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының [www.anticorruption-mangystau.kz](http://www.anticorruption-mangystau.kz) ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Инспекциясы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/o4X70FXzQI0L7u72SyzACJmdeCguhs.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orman-sharuashyly-y-zh-ne-zhanuarlar-d-niesi-inspekciyasy-yzmetkerlerine-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-i-644557](https://yvision.kz/kk/post/orman-sharuashyly-y-zh-ne-zhanuarlar-d-niesi-inspekciyasy-yzmetkerlerine-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-i-644557)