---
title: "Оркестрлер шеруі"
description: "Оркестрлер шеруі: Балаларды қорғау күніне орай білім алушы жастардың мерекелік маршыҚазақстан Респуб..."
author: "MON_RK"
published: "2017-05-18T05:47:54+00:00"
modified: "2017-05-24T13:54:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orkestrler-sherui-767124"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orkestrler-sherui-767124/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оркестрлер шеруі

> Оркестрлер шеруі: Балаларды қорғау күніне орай білім алушы жастардың мерекелік маршыҚазақстан Респуб...

***Оркестрлер шеруі: Балаларды қорғау күніне орай білім алушы жастардың мерекелік маршы***Қазақстан Республикасында жыл сайын жаздың алғашқы күнінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай көптеген салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Үстіміздегі жылдың 1-маусымында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздегі мектептер, колледждер мен ЖОО-нда білім алып жатқан ұл-қыздар Жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруінде өз өнерлерін көрсету үшін жаппай көшеге шығады.

Балаларды қорғау күні әлемде 1950 жылдан бері мерекеленіп келеді. Қазақстан Республикасы да осы күнді атап өтуді бұрыннан-ақ әдетке айналдырған. Елімізде қазіргі таңда 5 миллионнан аса бала өмір сүреді. Дегенмен, жаздың алғашқы мерекесіне арналған осындай ірі акция Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бір уақытта – таңғы сағат 11-де – Алматы мен Астанада, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағы бас көшелерде әдемі киінген ұлдар мен қыздар сап түзейді. Республикалық баспасөзде Оркестрлер шеруі деп жарияланып үлгерген салтанатты шеру еліміздегі барлық мектептер, колледждер мен ЖОО-ның басын қосуы тиіс. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, сап түзеген жас барабаншылар мен үрлемелі аспапшылар, хор және би ұжымдары, черлидерлер мен мажоретші қыздар орталық көшелерде салтанатты маршпен жүріп өтеді.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды балаларды қорғау мәселелеріне шақыру ғана емес, сонымен қатар, республикада білім алып жатқан жастардың ынтымақастығын көрсету, балалар мен үлкендерге мерекелік көңіл-күй сыйлау. Акция үлкендердің де қатысуына шектеу қоймайды: ұл-қыздармен бірге әдемі киінген, оның ішінде ұлттық киім киген ұстаздар мен ата-аналар да көшеге шығатын болады. Бірақ, бұл күннің басты кейіпкерлері сөзсіз жас дарындар болмақ.

Қазірдің өзінде еліміз бойынша дайындықтар жүргізіліп, іс-шараға әзірлік қызу басталып кеткен: әрбір ұжым өзінің ең мықты деген нөмірін көрсетіп, Оркестрлер шеруін тамашалайтын қазақстандықтар мен қонақтарды таңғалдырғысы келеді. Жастар мен олардың ұстаздарына осы істерінде жетістік тілегіміз келеді. Жаңалықтарымыздан шет қалмаңыздар: міндетті түрде осы жалпыұлттық балалар маршынан репортаж ұсынатын боламыз.

Дегенмен, аймақтардан түсірілген фоторепортаждар тобы бұл туралы әдемі жеткізіп береді:

[https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=107898843119949&id=100016995012161](https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=107898843119949&id=100016995012161)

[https://www.facebook.com/dana.islamgazieva/posts/413801572327897](https://www.facebook.com/dana.islamgazieva/posts/413801572327897)[https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=445396275822383&id=100010560426371](https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=445396275822383&id=100010560426371)[https://www.facebook.com/kayrat.karibaev.1/posts/1134188416693262](https://www.facebook.com/kayrat.karibaev.1/posts/1134188416693262)[https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1939271799650268&id=100007024007960](https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1939271799650268&id=100007024007960)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orkestrler-sherui-767124](https://yvision.kz/kk/post/orkestrler-sherui-767124)