---
title: "Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді"
description: "ОҚО-ның Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді. Жөндеу бойынша жоспарлары туралы Ордабас..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-26T23:13:13+00:00"
modified: "2014-11-26T23:13:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ordabasy-audanynda-eki-stadion-zh-ndeuden-tedi-443818"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ordabasy-audanynda-eki-stadion-zh-ndeuden-tedi-443818/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді

> ОҚО-ның Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді. Жөндеу бойынша жоспарлары туралы Ордабас...

[!\[Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141126234057-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141126234057.jpg) ОҚО-ның Ордабасы ауданында екі стадион жөндеуден өтеді. Жөндеу бойынша жоспарлары туралы Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаев брифинг кезінде бөлісті. «Төрткөл ауылында стадион бұрынғы қалпына келтіріледі. Жобалық-сметалық құжаттаманы даярлау үшін аудандық бюджеттен 1 млн. 500 мың теңге қаражат бөлінді. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен Темірлан ауылындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізуге 77 млн. 207 мың теңге бөлінген», — деп баяндады Ордабасы ауданының әкімі. Ол сондай-ақ ауданда спорттық мекемелерді құрылғылармен жабдықтау үшін көп іс атқарылып отырғанын атап өтті. Осылайша аудандық бюджеттен татами кілемін сатып алуға және балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің ғимараты мен Қажымұқан атындағы спорттық мектепті сатып алуға шамамен 19 млн. теңге бөлінді. Айта кетейік, қазіргі кезде бұл мектептерде 1523 бала жаттығып жүр.

Басты сөздер: [Оңтүстік Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/266) , [Әкімдік](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/2684) , [Құрылыс](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1883) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ordabasy-audanynda-eki-stadion-zh-ndeuden-tedi-443818](https://yvision.kz/kk/post/ordabasy-audanynda-eki-stadion-zh-ndeuden-tedi-443818)