---
title: "«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді"
description: "Сахнадағы көздің жауын алар қимылдарымен қатар әндерінің ерекшелігімен қазақ шоу-бизнесінде ойып тұр..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-23T22:50:00+00:00"
modified: "2012-05-20T22:50:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/orda-toby-o-ys-s-ra-tar-a-zhauap-berdi-224918"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/orda-toby-o-ys-s-ra-tar-a-zhauap-berdi-224918/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді

> Сахнадағы көздің жауын алар қимылдарымен қатар әндерінің ерекшелігімен қазақ шоу-бизнесінде ойып тұр...

*Сахнадағы көздің жауын алар қимылдарымен қатар әндерінің ерекшелігімен қазақ шоу-бизнесінде ойып тұрып орын алатындай, өзіндік қолтаңбасы бар топ - «Орда» тобы десек, сөге қоймассыздар. Топ құрамындағы жігіттерге қызықты сауал қойып, ойларын білген болатынбыз. Назарларыңызда «Орда» тобының ситуациялық сауалдарға жауаптары.*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/CWjM1U1KN1it0jwO6U4Vq30F8mY0Xe.jpg)

*

**

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/s4ReOJ35JwmtHh1c819jj9398T67S7.jpg)

**

**

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/1WFpUQLxWTTNdm9Sr0DiqL8hWPc471.jpg)

**

**Есболат Беделхан, 1984 жылы дүниеге келген.**

**1) Сіз өміріңізді өнермен жалғастырмағанда қай салаға барар едіңіз?**

*- Заң факультетін бітіргенмін. Бәлкім, заңгер, адвокат немесе прокурор болар ма едім...*

**2) Қазір Гиннес рекордтар кітабына ену үшін түрлі ерліктер жасалынып жатыр. Ал сіз қандай талантыңызбен рекорд жасай аламын деп ойлайсыз?**

А) Үш күн бойы студияда ән жазу

В) Екі күн бойы тоқтаусыз билеу

С) Қалт етпей бір апта ұйқыда жату

D) өз нұсқасы

*- Өзімнің нұсқам - әлемдегі ең биік тауға шығу.*

**3) Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, жер басып жүрген адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?**

*- Адам өлтіру қылмысы үшін қатаң бақылаудағы түрмеде қылмыскерді мәңгі бақи сүйегі шірігенше ұстау. *

**4) Сіз бір сәтке жаңа дәрілер ойлап табатын фармаколог кейпіне енсеңіз, қандай препарат ойлап табар едіңіз?**

*- Адам бойындағы ескіріп, өлуге аз қалған жасушаларды қайта жасартуға арналған препарат ойлап тапсам, адамзат баласы қартаю дегенді ұмытар еді. Бірақ табиғаттың заңдылығына қарсы шығу мүмкін емес.*

**5) Егер сізде «уақыт көлігі» болса, өміріңіздің қай кезеңіне қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?**

*- 2005 жылы ойда-жоқта көшеде бір кісімен кездесіп, сөйлесіп қалған болатынмын, атын айтып, түсін түстемей-ақ қойғаным дұрыс шығар. Егер де «уақыт көлігі» болса, 5 жыл бұрын сол кісімен көшеміз қиылысса да, сөйлеспей өтіп кетер едім.*

**6) Сіз**** ****студиядан**** ****үйге**** ****барар**** ****жолда**** ****1**** ****миллион**** ****АҚШ**** ****долларын**** ****тауып**** ****алдыңыз.**** ****Ең**** ****бірінші**** ****топ**** ****мүшелерінен**** ****кіммен**** ****бөлісер**** ****едіңіз?**

*- Ешкіммен де бөліспей, бір бизнеске салып пайда табушы едім (күліп). *

**7) Аладдин**** ****сіздің**** ****ең**** ****жақын**** ****досыңыз**** ****делік.**** ****Екеуіңіз**** ****серуендеп**** ****жүріп,**** ****сиқырлы**** ****құмыраны**** ****бірге**** ****тауып**** ****алдыңыздар.**** ****Джин**** ****сіздің**** ****де**** 3 ****тілегіңізді**** ****орындауға**** ****келісті.**** ****Қандай**** ****тілек**** ****айтар**** ****едіңіз?**

- *Жанармайы таусылмайтын көлік.*

- *Сол көлікке тола алтын.*

- *Қасымдағы Аладдинді қызға айналдырып, ары қарай серуендеу.*

**8) Сіз Алдар көсенің нағыз өзі болсаңыз, ең бірінші кімді алдар едіңіз?**

*- Америка** **Құрама** **Штатының** **Конгрессін,** **басшыларын** **алдаушы** **едім.*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/yQ66wZm64loDmc2Efh5tPFBMDQUvDf.jpg)

*

**

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Tt7e48sQLOr9pldzpYHVYJ4c5q5Xxl.jpg)

**

**

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/aofM6nkFHNs91kNQuKgvO9r35CN00a.jpg)

**

**Ерболат Беделхан, 1982 жылы дүниеге келген**

**1) Дене мүшеңіздегі өзіңізге қатты ұнайтын жеріңіз?**

*- Мәссаған,** **басым,** **оның** **ішіндегі** **миым.** *

**2) Анаңыздан есте қалған кеңес?**

*- Өмірден түңілмеу. Қандай жағдай болмасын, жігеріңді жоғалтпай, жігіттік намысқа нұқсан келтірмеу. *

**3) Көк базарда қиярдың бір келісі неше теңге деп ойлайсыз?**

*- Қияр ма? Алмағалы қай заман, бәлкім 250 теңге болар (күліп). *

**4) Жүйкеңізді**** ****жұқартатын**** ****нәрсе?**

** **A) Әйел адамдары

B) Қазақтың қазіргі заманға сәйкес келе алмай жатқандығы.

C) Қала кептелісі

**5) Сіз елдің емес, барлық жер жүзінің басшысы болдыңыз делік, қандай қызметті ақысыз етіп, мемлекет тарапынан қаржыландырар едіңіз?**

А) Көлікте жол жүруді.

В) Шаш алуды.

С) Ән жазуды.

D) Өз нұсқаңыз.

**6) Студиядан үйге барар жолда 1 миллион АҚШ долларын тауып алдыңыз. Бірақ оның жартысын еліміздің кез келген саласына құюға міндеттісіз. Қай саланы таңдар едіңіз?**

А) Медицина

В) Мәдениет

С) Білім

D) Шоу-бизнес

**7) Махаббат үшін жасаған батыл қадамыңыз?**

**- ***Менің** **алғашқы** **махаббатым** **да,** **соңғы** **махаббатым** **да -** **Асыл** **есімді** **аяулы** **жарым.** **Махаббат** **жолындағы** **батыл** **қадамым** **деп,** **өзімді** **батылдыққа** **шақырып,** **Асылға** **сөз** **салуым.** **Мен** **үшін** **ерлік** **осы.*

**8) Лақап атыңыз?**

*- Ерка*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/2xrBCR627LpQuN8dFvZXGWKHIDE75C.jpg)

*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/ICI4C6zsonsjN0byPoV7DemJbh8Xu8.jpg)

*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/GEP73yw6wii1l8CF41vHgFlumK6Td7.jpg)

*

**Дастан**** ****Оразбеков**

**1) Сіздің**** ****ойыңызша**** ****қазақстандық**** ****шоу-бизнесте**** ****қай**** ****топтың**** ****болашағы**** ****бар?**

*- **«Меломен»** **тобы*

**2) Балмұздақ, шоколад, торт. Қайсысы сіздің талғамыңызда?**

*- **Балмұздақ*

**3) Егер сізде «уақыт көлігі» болса, өміріңіздің қай кезеңіне қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?**

*- Шыны керек өзгертер еш дүние жоқ. Бәрі осы қалыпта болса деймін. *

**4) ****Қай**** ****жерде**** ****демалғанды**** ****ұнатасыз****?**

*- Қазақстанда,** **әрине.*

**5) Сүйіктіңіз үшін істеген батыл қадамыңыз?**

*- Сүйіктім үшін жасаған батыл қадамым - перзентханада босанар сәтте қасында болғаным. Міне, дәл осы жағдайды мен батыл қадамның бірі деп білемін.*

**6)Телефонмен сөйлесіп жатып, жалығып кетсем?**

А) Қағазға сурет салам

В) Басқа жұмыстарымды істей беремін

С) Жынданып жер ұрамын

D) Өз нұсқам

*- Ұялмастан, кешірек хабарласайық деп, ойымды тура жеткіземін.*

**7) Елестетейік, ертеңгі күн сіз үшін ғажайып күн. Себебі ертең қалтаңыз көтере алмайтын жағдайды бір күнге ұмытасыз. Ең алдымен бұл күні не істер едіңіз?**

А) Қымбат автокөлік сатып аламын

В) Теңіз жағасынан үй сатып аламын

С) Жетім-жесірлерге таратып беремін

D) Өз нұсқам

*- Туысқандарымның** **жағдайын** **жасар** **едім*

**8) Жиі істейтін әдетіңіз?**

*- Достарымның** **көңілін** **аулау.*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/14g8CW3q8aRCOL0sosUUJG4J494ygb.jpg)

*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/dqSbSXJe3RxsOU4N4MnmJ87M7Oh8H0.jpg)

*

**Нұрлан Алымбеков, 1976 жылғы**

**1)Сіз өміріңізді өнермен жалғастырмағанда, қай салаға барар едіңіз?**

*- Әнші** **болмағанның** **өзінде** **де** **мен** **шығармашылықты** **таңдар** **едім.** **Себебі,** **менің** **мамандығым** **дизайнер.** **Соған** **орай** **дизайн** **саласына** **үлесімді** **қосып** **жүрер** **едім.*

**2)Қазір**** ****Гиннес**** ****рекордтар**** ****кітабына**** ****ену**** ****үшін**** ****түрлі**** ****ерліктер**** ****жасалынып**** ****жатыр.**** Қ****андай**** ****талантыңызбен**** ****рекорд**** ****жасай**** ****аламын**** ****деп**** ****ойлайсыз?**

А) Үш күн бойы студияда ән жазу

В) Екі күн бойы тоқтаусыз билеу

С) Қалт етпей бір апта ұйқыда жату

D) өз нұсқасы

**3)Бір елдің емес, бүкіл әлемнің президенті болдыңыз делік, жер басып жүрген адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?**

*- Менің** **қолымда** **болса,** **ксенофоб,** **педофилдерді** **ойланбастан** **атып** **тастар** **едім.*

**4) Сіз**** ****бір**** ****сәтке**** ****жаңа**** ****дәрілер**** ****ойлап**** ****табатын**** фармаколог ****кейпіне**** ****енсеңіз,**** ****қандай**** ****препарат**** ****ойлап**** ****табар**** ****едіңіз?**

*- Склерозға қарсы дәрі-дәрмек ойлап табуым әбден мүмкін (күліп). *

**5) Егер сізде «уақыт көлігі» болса, қай кезеңге қайта барып, қандай жағдайды өзгертер едіңіз?**

*- 10000 жылға кері шегініп, мұз басуды тоқтатар едім. Сол кезде бәлкім қазір біздің дәуірімізде пілдермен қатар динозаврлар да өмір сүрер ме еді (күліп)? *

**6) Сіз студиядан үйге барар жолда 1 миллион АҚШ долларын тауып алдыңыз. Ең бірінші топ мүшелерінен кіммен бөлісер едіңіз?**

*- Сержан Бақытжан деген жігітпен бөлісер едім (күліп алып).*

**7)**** ****Аладдин**** ****сіздің**** ****ең**** ****жақын**** ****досыңыз**** ****делік.**** ****Екеуіңіз**** ****серуендеп**** ****жүріп,**** ****сиқырлы**** ****құмыраны**** ****бірге**** ****тауып**** ****алдыңыздар.**** ****Джин**** ****сіздің**** ****де**** 3 ****тілегіңізді**** ****орындауға**** ****келісті.**** ****Қандай**** ****тілек**** ****айтар**** ****едіңіз?**

- *Жеке студиям*

- *Әлемдегі бейбітшілік*

- Аспан әлемінде қалықтайтын қайық (күліп).

8 ) Сіз Алдар көсенің нағыз өзі болсаңыз ең бірінші кімді алдар едіңіз?

*- Березовскийді алдар едім.*

*

![«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/zc42c77sHgFmktCveMBVfX7IiGLP04.jpg)

*

* *

*Ситуациялық сұхбаттың авторы: **Есмағамбетов Руслан***

*ҚазҰУ студенті *

*Фото: "Орда" тобының жеке архивінен*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/orda-toby-o-ys-s-ra-tar-a-zhauap-berdi-224918](https://yvision.kz/kk/post/orda-toby-o-ys-s-ra-tar-a-zhauap-berdi-224918)